Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 23.06.2014 N 198/6 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бабының 2, 11 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы "Бастауыш, орта, жоғары кәсіптік білім оқу орындарының түлектері-жастар үшін қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру туралы" N 123/5 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 12-10-84 болып тіркелген, "Шамшырак" N 24 газетінде 2009 жылғы 20 маусымда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 5 тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы "Казпошта" АҚ аудандық бөлімі арқылы жеке тұлғалардың шоттарына аударылады".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Айтқұловқа жүктелсiн.
Аудан әкімі Е. Әйткенов