Қазан селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 8 қыркүйектегі N 189/9 қаулысы. Павлодар облысы Май ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қазанда N 12-10-87 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 маусымдағы N 185/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2012.06.21 N 185/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 быбның 1 тармағының 18) тармақшасына, 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Май ауданының бас малдәрігері инспекторының 2009 жылғы 30 тамыздағы N 705 ұсынысы негізінде және Қазан селолық округінің аумағында ірі қара малдан бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазан селолық округінде бруцеллез ауруына шектеу қойылсын.
      2. Қазан селолық округінің әкімі М.Қ.Күлетовке, селолық округтің малдәрігерлік инспекторы М.Мусинге (келісім бойынша) бруцеллез ауруын жою бойынша іс-шараларды орындау жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Т. Сарин

      "Келісілді"
      ҚР АШМ АӨК МИК Май аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      2009 ж. 7 қыркүйектегі                     Н. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады