Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2010.02.18 N 20/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтiлген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру" Қағидасына сәйкес және жұмыссыз азаматтарға төлейтiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізімі, қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрлері, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009.04.27 N 87/4 Қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
2. Алынып тасталды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009.04.27 N 87/4 Қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
3. Аз қамтамасыз етiлiп қалуы мүмкiн қауiптi топтарға және нысаналы топтардан жұмыссыздарға жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында икемді график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі болады.
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы республика бойынша ең төмен жалақыдан төмен болмауы керек.
5. Аудандық қаржы бөлiмi (Ә. Қоңыржанов) жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражаттың шегiнде қоғамдық жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
6. Ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е. Айткуловқа жүктелсiн.
Аудан әкiмi Е. Әйткенов
Май ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 23 қаңтардағы
"Май ауданында 2009 жылы ақы төлейтiн
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы"
N 40/1 қаулысына 1 қосымша.
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізімі,
қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрлері,
қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009.04.27 N 87/4 Қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
N р/с |
Ұйымдар атауы |
Қоғамдық жұмыс түрлері |
Атқарылатын жұмыстар көлемі |
Сұраныс (өтінім жасалған қажеттілік) |
Ұсыныс (бекітілген) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
"Ақшиман селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
Жергiлiктi |
320,0 |
10 |
10 |
Аудандық бюджет |
2 |
"Ақжар селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
480,0 |
15 |
15 |
Аудандық бюджет |
|
3 |
"Май селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
672,0 |
21 |
21 |
Аудандық бюджет |
|
4 |
"Қаратерек селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
1056,0 |
33 |
33 |
Аудандық бюджет |
|
5 |
"Майтүбек селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
960,0 |
30 |
30 |
Аудандық бюджет |
|
6 |
"Қазан селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
800,0 |
25 |
25 |
Аудандық бюджет |
|
7 |
"Саты селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
640,0 |
20 |
20 |
Аудандық бюджет |
|
8 |
"Малайсары селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
800,0 |
25 |
25 |
Аудандық бюджет |
|
9 |
"Кеңтүбек селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
1184,0 |
37 |
37 |
Аудандық бюджет |
|
10 |
"Көктүбек селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
3913,0 |
98 |
98 |
Аудандық бюджет |
|
11 |
"Баскөл селолық округi әкімінің аппараты" ММ |
704,0 |
22 |
22 |
Аудандық бюджет |
|
12 |
Май ауданының әкімдігі, Май аудандық балалар шығармашылық үйi ҚКМК |
Әлеуметтiк және мәдениет объектiлерiн жөндеу жұмыстары |
160,0 |
5 |
5 |
Аудандық бюджет |
13 |
Павлодар облысы Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны филиалы "Казахавтожол" жол пайдалану басқармасы – 85 |
Жол құрылысын |
224,0 |
7 |
7 |
Аудандық бюджет |
14 |
Май ауданының әкімдігі, Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Май - сервис" МКК |
Жергiлiктi |
64,0 |
2 |
2 |
Аудандық бюджет |
Барлығы |
11977,0 |
350 |
350 |
Ескерту. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты болады.
Май ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 23 қаңтардағы
"Май ауданында 2009 жылы ақы төлейтiн
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы"
N 40/1 қаулысына 2 қосымша
2009 жылы қоғамдық жұмыстардың түрi
Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009.04.27 N 87/4 Қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).