Май ауданында 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 18 ақпандағы N 20/2 қаулысы. Павлодар облысы Май ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда N 12-10-94 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы N 156/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2011.05.23 N 156/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне сәйкес және ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы Республика бойынша ең төмен жалақыдан төмен болмауы керек.
      3. Аудандық қаржы бөлiмi (Д.Б. Қалиақпаров) жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражаттың шегiнде қоғамдық жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Май ауданында 2009 жылы ақы төлейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 40/1  қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Қ.Саринге жүктелсiн.

      Аудан әкiмi                                Е. Әйткенов

Май ауданы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 18 ақпандағы
N 20/2 қаулысына  
қосымша      

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және
оларды қаржыландыру көздері

N

Мекемелердің атауы

Түрлері

Көлемі (мың теңге)

Сұраныс (тұтынушылардан берілген тапсырыс)

Ұсыныс (бекітілген)

Қаржыландыру көздері

1

"Ақшиман селолық округi әкімінің аппараты" ММ

Аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру, абаттандырушылық және санитарлық тазарту (ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалау, қоқысты жинап шығару, ағаш-гүлзарлар салу, оларды күнделікті суару, ағаштардың артық бұтақтарын кесу, ақтау, баған тіреулерді ақтау, иесіз қалған  ғимараттардың әйнек, есіктерін қалау, қоршауларды, жолдарды, су құбырларын жөндеу), белгіленген әлеуметтiк және мәдениет объектiлерiн жөндеу, қалпына келтіру және құрылысына қатысу, көпшілікқолды спорт объектілері мен алаңдарының құрылысын жөндеуге қатысу, республикалық және аймақтық қоғамдық компанияларына (қоғамдық пікір сауалдамасы, халық, мал санағына қатысу) көмек көрсету, иесіз бос тұрған белгіленген қоғамдық, әлеуметтік және мәдени объектілерді күзету

340,0

10

10

Аудандық бюджет

2

"Ақжар ауылы әкімінің аппараты" ММ

476,0

14

14

3

"Май селолық округi әкімінің аппараты" ММ

612,0

18

18

4

"Қаратерек селолық округi әкімінің аппараты" ММ

952,0

28

28

5

"Майтүбек ауылы әкімінің аппараты" ММ

1360,0

40

40

6

"Қазан селолық округi әкімінің аппараты" ММ

782,0

23

23

7

"Саты селолық округi әкімінің аппараты" ММ

680,0

20

20

8

"Малайсары селолық округi әкімінің аппараты" ММ

544,0

16

16

9

"Кеңтүбек селолық округi әкімінің аппараты" ММ

1054,0

31

31

10

"Көктүбек селолық округi әкімінің аппараты" ММ

4535,0

73

73

11

"Баскөл селолық округi әкімінің аппараты" ММ

918,0

27

27

 

Барлығы:


12253,0

300

300

 

      Ескерту. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады