Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 14.02.2012 N 72/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бабы, 2), 11) тармақтарына сәйкес, тұрғындарды жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бастапқы, орта және жоғарғы кәсіптік білім беру орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру болып белгіленсін.
2. "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Уәкілетті орган) еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастар құрамын ескере отырып, Жастар тәжірибесіне жіберу үшін бастапқы, орта және жоғары оқу орындарының (одан әрі - Кәсіби оқу орындары) жұмыссыз түлектерінің санын анықтасын.
3. Жастар тәжірибесі кәсіпорындарда, мекемелерде және аудандық ұйымдарда (одан әрі – Жұмыс беруші) меншік нысанына тәуелсіз ұйымдастырылуы мен өткізілуін (келісім бойынша) уәкілетті органға ұсыну. Уәкілетті орган жұмыс берушімен келісім шарт негізінде өзара әрекет етеді. Келісім шартта жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар саны, жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын кәсіп (мамандық) тізімі, қажет болған жағдайда қосымша кәсіптік дайындық, жастар тәжірибесінде қатысатындарды кәсіби біліммен қамтамасыз ету міндеттілігі, олардың мамандығына сәйкес шеберлігі мен дағдылары қарастырылады. Жұмыссыздарға – Кәсіби оқу орындарының түлектеріне Жастар тәжірибесі шегіндегі уақытша жұмыс беруге ниет білдірген жұмыс беруші Уәкілетті органмен тиісті келісім шарт жасасады.
4. Оқу орнын аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіби оқу орындары түлектерінің Жастар тәжірибесіне қатысуға құқығы бар.
5. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шаралары қаржыландыру Республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Жастар тәжірибесіне бағытталған түлектердің орта айлық еңбекақысын уәкілетті орган жұмыс істеген уақыты үшін Қазақстан Республикасының орнатылған Заңына сәйкес төмен жалақы және бір жарым төмен жалақы мөлшерінде төленеді.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.
Аудан әкімі Т. Бастенов