Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 271/9 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қыркүйекте N 12-11-115 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 445/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2010.12.31 N 445/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 4 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. N 11 Заря сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлермен сайлаушылардың кездесуі үшін келісілген негізде берілетін үй-жайлар тізімі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы А.А. Қабиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

Аудан әкімдігінің  
2009 жылғы "23" қыркүйек
N 271/9 қаулысына  
қосымша       

N 11 Заря сайлау округі бойынша аудандық
мәслихат депутаттығына үміткерлермен сайлаушылардың
кездесуі үшін берілетін үй-жайлар тізімі

N р/с

Ауылдық округ атауы

Ауыл атауы

Кездесу өтетін орын

1

Заря

Заря ауылы

Мәметова көшесі, 1 ауылдық клуб

2

Заря

Бірлік ауылы

Жаяу-Мұса көшесі, 24 "Бірлік" ШҚ кенсесі (келісім бойынша)

3

Заря

Жертұмсық ауылы

И.Байзақов көшесі, 10 ауылдық клуб

4

Кеңес

Комарицин ауылы

Школьная көшесі, 1 мектеп ғимараты

5

Кеңес

Әйтім ауылы

Школьная көшесі, 1 мектеп ғимараты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады