Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" N 422/12 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 338/12 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 желтоқсанда N 12-11-117 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 16 қарашадағы N 508/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2012.11.16 N 508/11 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Павлодар ауданы мәслихатының 2009 жылғы 24 қарашадағы (4 шақырылған 14 сессиясы) “Аудандық мәслихаттың (4 шақырылған 10 сессиясы) 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 10/74 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” N 14/125 шешіміне сәйкес, аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 422/12 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-11-101 тіркелген, 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Нива" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нұсқаулықта:
      2 тармағы мынадай мазмұндағы 53), 54), 55), 56) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "53) ауданда тұратын амбулаторлық емделуді қолданатын ашық туберкулезбен сырқаттанғандар – азық-түлік алуға материалдық көмек 4 АЕК, ай сайын алты ай бойы;
      54) ауданда тұратын амбулаторлық емделуді қолданатын ашық туберкулезбен сырқаттанғандар – облыстық тубдиспансерге жету және кері қайту жолақысына тоқсан сайын 0,5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
      55) ауданда тұратын Чернобыль атомдық электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқандар – тісті протездеуге біржолғы материалдық көмек мөлшері 10000 теңге;
      56) ауданда тұратын "Құрметті азамат" атағына ие болған зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері "Казахстанская Правда" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 1814 теңге мөлшерінде;
      ауданда тұратын "Құрметті азамат" атағын алған зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері "Егемен Қазақстан" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 1577 теңге мөлшерінде;
      ауданда тұратын "Құрметті азамат" атағын алған зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, 1 - топ мүгедектері, бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар, ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған балалар, Ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль атомдық электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан адамдар "Сарыарқа самалы" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 1380 тенге мөлшерінде;
      ауданда тұратын "Құрметті азамат" атағын алған зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, 1 - топ мүгедектері, бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар, ата - аналары ата-ана құқығынан айырылған балалар, Ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль атомдық электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқандар, "Звезда Прииртышья" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 1386 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградталғандар, "Ленинградты қорғағаны үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін", "Одессаны қорғағаны үшін", "Севастопольды қорғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін", "Киевті қорғағаны үшін", "Кавказды қорғағаны үшін", "Кеңестік Заполярьені қорғағаны үшін" КСРО ордендері мен медальдарымен наградталғандар, сондай–ақ "Блокадалық Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғалар - "Ардагер-ветеран" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 816 теңге мөлшерінде;
      ауданда тұратын жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған жоғарғы оқу орындарының, колледждердің студенттеріне - "Регион-КZ" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 3500 тенге мөлшерінде;
      2 тармақта:
      22) тармақшасындағы "ашық туберкулезбен сырқаттанғандар" сөзі алынып тасталсын;
      46) тармақшасындағы "15 апта және жоғары жүктілік мерзімдегі" сөздері "өтініш білдірген сәтте 12-15 апта жүктілік мерзімінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      49) тармақшасындағы "60 жасқа толған жұмыс істемейтін ерлер мен 55 жасқа толған жұмыс істемейтін әйелдер" деген сөздермен толықтырылсын;
      3 тармақта:
      1) тармақша 53), 54), 55), 56) тармақшаларымен толықтырылсын;
      4 тармақта:
      2) тармақша 53), 54), 55), 56) тармақшаларымен толықтырылсын;
      5 тармағы мынадай мазмұндағы 29), 30), 31), 32) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "29) 53) тармақшада көрсетілген санаттар үшін осы әлеуметтік төлемдерге құқылары бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, табыс есебінсіз облыстық туберкулезге қарсы диспансерден анықтама;
      30) 54) тармақшада көрсетілген санаттар үшін осы әлеуметтік төлемдерге құқылары бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, табыс есебінсіз облыстық туберкулезге қарсы диспансерден анықтама;
      31) 55) тармақшада көрсетілген санаттар үшін осы әлеуметтік төлемдерге құқылары бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мәртебені куәландыратын құжат, табыс есебінсіз протездеуді қажет ететіндігі туралы медициналық мекемеден анықтама;
      32) 56) тармақшада көрсетілген санаттар үшін табыс есебінсіз ауылдық округ және ауылдардың тізіміне, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Павлодар аудандық бөлімшесінің тізіміне сәйкес;
      7 тармағы 53), 54), 55), 56) тармақшаларымен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтүзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.А. Мұхамбетжановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады