Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімиятының 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 422/12 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 желтоқсанда N 101 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 16 қарашадағы N 508/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2012.11.16 N 508/11 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-11-100 тіркелген, 2008 жылғы 6 қарашадағы N 45 (7697) "Нива" газетінде жарияланған, Павлодар ауданы мәслихатының (4 шақырылған 8 сессиясы) 2008 жылғы 29 қазандағы "Павлодар ауданы мәслихатының (4 шақырылған 3 сессиясы) 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 3/16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 8/60 шешіміне сәйкес, аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудан азаматтарының жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бөлінген бюджет қаражаты шегінде әлеуметтік төлемдердің уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш.Шәмкеноваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

Павлодар ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 5 желтоқсандағы
N 422/12 қаулысымен
бекітілді

Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына
жергілікті өкілетті органдардың шешімі
бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі
Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы" Заңдарына, облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамамыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5, Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 18 маусымда N 2621 тіркелген (енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен) қаулысына сәйкес аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер беруді реттейді.

2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы
бар азаматтардың санаттары мен әлеуметтік
төлемдердің мөлшері

      2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға құқығы барлар және әлеуметтік төлемдердің мөлшері:
      1) ауданда тұратын, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – 9 Мамыр Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында - біржолғы материалдық көмек 7000 теңге мөлшерінде;
      2) ауданда тұратын, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – дәрі-дәрмек алуға - ай сайынғы материалдық көмек 1 АЕК мөлшерінде;
      3) ауданда тұратын, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – тістерін протездеу үшін, - біржолғы материалдық көмек 20000 теңге мөлшерінде;
      4) ауданда тұратын, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – телефонға абоненттік төлем төлеу үшін, - ай сайынғы материалдық көмек 0,5 АЕК мөлшерінде;
      5) ауданда тұратын, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – электр-энергиясы бойынша коммуналдық қызметтерді төлеу үшін- ай сайынғы материалдық көмек 1 АЕК мөлшерінде;
      6) ауданда тұратын, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді төлеуге, - ай сайынғы материалдық көмек 1,3 АЕК мөлшерінде;
      7) ауданда тұратын, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – 9 Мамыр Жеңіс Күні мерекесіне сыйлықтар алу үшін -  біржолғы материалдық көмек 3000 теңге мөлшерінде;
      8) әскери қызметкерлер және жалдамалы құрамды азаматтар "Ұлы Отан соғысында Германияға қарсы жеңісі үшін" марапатталған азаматтар, "Жапонияға қарсы жеңісі үшін" - 9 Мамыр Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында, - біржолғы материалдық көмек 2000 теңге мөлшерінде;
      9) ауданда тұратын әскери жауынгерлердің жесір әйелдері - 9 Мамыр Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында - біржолғы материалдық көмек 2000 теңге мөлшерінде;
      10) ауданда тұратын, марапатталған тыл еңбеккерлері - 9 Мамыр Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында - біржолғы материалдық көмек 2000 теңге мөлшерінде;
      11) ауданда тұратын, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь және басқа да орындардың тұтқындары - 9 Мамыр Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында - біржолғы материалдық көмек 2000 теңге мөлшерінде;
      12) ауданда тұратын, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) - 9 Мамыр Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында, -  біржолғы материалдық көмек 2000 теңге мөлшерінде;
      13) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары, 8 және одан көп балалы аналар - "Заман тынысы" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 1373 теңге мөлшерінде;
      14) облыс денсаулық сақтау департаментімен Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілген сырқат адамдар мен оларды жетектеушілер - ақшалай өтемақы - факт бойынша;
      15) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 100/5;
      16) мемлекеттік грант немесе кредит алуға конкурстан өте алмаған аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер - ақшалай өтемақы-факт бойынша;
      17) облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер – тұратын жеріне, тамағы мен жолына әлеуметтік көмек (стипендия) - ай сайынғы материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде;
      18) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 100/5;
      19) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 100/5;
      20) зейнеткерлер – ауданның халықты әлеуметтік қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері – 1 қазан, Қарттар күні қарсаңында - біржолғы материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде;
      21) жалғызілікті және жалғыз тұратын ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлер - 1 қазан, Қарттар күні қарсаңында - біржолғы материалдық көмек 2 АЕК мөлшерінде;
      22) ауданда тұратын онкологиялық сырқаттармен, жұқтырылған қорғаныс тапшылығының белгісімен ауыратыңдар, жылына екі рет материалдық көмек 10 АЕК мөлшерінде;
      23) ауданда тұратын орта есеппен жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс минимумынан аспайтын әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұлғалар, -  емделу және дәрі–дәрмек алу үшін - біржолғы материалдық көмек 10 АЕК  көлемінде;
      24) ауданда тұратын, орта есеппен жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс минимумынан аспайтын, жеке шаруашылығын дамыту үшін әлеуметтік қорғауға мұқтаж деп танылған тұлғалар - біржолғы материалдық көмек 2008 жылғы желтоқсанда 100 АЕК мөлшерінде, 2011 жылдан бастап 75 АЕК мөлшерінде;
      25) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 100/5;
      26) орта есеппен жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс минимумынан аспайтын мектепке дейінгі жас аралығындағы балалары бар отбасылар - 31 желтоқсан жаңа жыл мерекесі қарсаңында, - біржолғы материалдық көмек 0,5 АЕК мөлшерінде;
      27) 16 жасқа дейінгі жетім-балалары бар отбасылары - 31 желтоқсан – Жаңа жыл мерекесі қарсаңында - біржолғы материалдық көмек 0,5 АЕК мөлшерінде;
      28) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 1 маусым-балаларды қорғау күні қарсаңында - біржолғы материалдық көмек 0,5 АЕК мөлшерінде;
      29) жұмыссыздар, – жерлеу үшін біржолғы жәрдемақы- біржолғы материалдық көмек 10 АЕК мөлшерінде;
      30) ауданда тұратын Ауған соғысына қатысқандар – Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні қарсаңында - біржолғы материалдық көмек 5 АЕК мөлшерінде;
      31) ауданда тұратын Ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқандар - емделу үшін - тоқсан сайын материалдық көмек 4 АЕК көлемінде;
      32) ауданда тұратын Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға – Отанды қорғау күніне біржолғы материалдық көмек 5 АЕК мөлшерінде;
      33) ауданда тұратын бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар, сырқаттанғандар - сауықтандыруға - біржолғы материалдық көмек 10 АЕК көлемінде;
      34) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 100/5;
      35) ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыздар ретінде тіркеуге тұрған, кәсіби дайындық пен қайта дайындықта және білікті жоғарылатуға жіберілгендер, - біржолғы материалдық көмек 5 000 мың теңге мөлшерінде;
      36) ауданда тұратын, ең кіші мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер – тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді төлеуге және негізгі азық-түлікті арзандатылған бағамен сатып алу үшін, - тоқсан сайынғы материалдық көмек 2 АЕК мөлшерінде;
      37) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесір әйелдеріне – тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді төлеуге, - ай сайынғы материалдық көмек 1,3 АЕК мөлшерінде;
      38) Ауданда тұратын, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь және басқа да орындардың тұтқындары - тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді төлеуге, - ай сайынғы материалдық көмек 1,3 АЕК мөлшерінде;
      39) ауданда тұратын Ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқандар - тұрғын үй –коммуналдық қызметтерді төлеуге, - ай сайынғы материалдық көмек 1,3 АЕК мөлшерінде;
      40) ауданда тұратын, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары - тұрғын үй үшін, - біржолғы материалдық көмек 30 АЕК мөлшерінде;
      41) жалғызілікті және жалғыз тұратын жұмысқа қабілетсіз зейнеткерлер - тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді төлеуге, - тоқсан сайынғы материалдық көмек 2 АЕК мөлшерінде;
      42) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 100/5;
      43) ДЦП ауруымен ауыратындар, мүгедек балалары бар отбасылар-, біржолғы материалдық көмек 3 АЕК мөлшерінде;
      44) 1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – Мүгедектер күніне, - біржолғы материалдық көмек 3 АЕК мөлшерінде;
      45) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 100/5;
      46) өтініш білдірген сәтте 12-15 апта жүктілік мерзімінде әйелдер – есепке уақытылы алынуын ынталандыру үшін – 10 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек;
      47) жалғыз басты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар – отын сатып алуға – 10 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек;
      48) жалғыз басты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, жалғыз басты жұмыссыздар – азық-түлік бағасының өсуіне байланысты - 3 АЕК көлемінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      49) қант диабетімен, гипертоникалық, жүрек, психикалық аурумен  ауыратын тұлғалар, 60 жасқа толған жұмыс істемейтін ерлер мен 55 жасқа толған жұмыс істемейтін әйелдер – дәрі-дәрмек бағасының өсуіне байланысты - 2 АЕК көлемінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      50) Ауғанстандағы әскери әрекеттерге қатысқан тұлғалар – "Ауғанстаннан әскерлер шығаруға 20 жыл" медалімен марапаттауға – 2000 теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек;
      51) жалғыз басты аналар – балалар тағамын сатып алуға – 2 АЕК көлемінде ай сайынғы материалдық көмек;
      52) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 100/5;
      53) ауданда тұратын амбулаторлық емделуді қолданатын ашық туберкулезбен сырқаттанғандар – азық-түлік алуға материалдық көмек 4 АЕК, ай сайын алты ай бойы;
      54) ауданда тұратын амбулаторлық емделуді қолданатын ашық туберкулезбен сырқаттанғандар – облыстық тубдиспансерге жету және кері қайту жолақысына тоқсан сайын 0,5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
      55) ауданда тұратын Чернобыль атомдық электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқандар – тісті протездеуге біржолғы материалдық көмек мөлшері 10000 теңге;
      56) ауданда тұратын "Құрметті азамат" атағына ие болған зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері "Казахстанская Правда" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 1814 теңге мөлшерінде;
      ауданда тұратын "Құрметті азамат" атағын алған зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері "Егемен Қазақстан" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 1577 теңге мөлшерінде;
      ауданда тұратын "Құрметті азамат" атағын алған зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, 1 - топ мүгедектері, бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар, ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған балалар, Ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль атомдық электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан адамдар "Сарыарқа самалы" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 1380 тенге мөлшерінде;
      ауданда тұратын "Құрметті азамат" атағын алған зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, 1 - топ мүгедектері, бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар, ата - аналары ата-ана құқығынан айырылған балалар, Ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль атомдық электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқандар, "Звезда Прииртышья" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 1386 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградталғандар, "Ленинградты қорғағаны үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін", "Одессаны қорғағаны үшін", "Севастопольды қорғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін", "Киевті қорғағаны үшін", "Кавказды қорғағаны үшін", "Кеңестік Заполярьені қорғағаны үшін" КСРО ордендері мен медальдарымен наградталғандар, сондай–ақ "Блокадалық Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғалар - "Ардагер-ветеран" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 816 теңге мөлшерінде;
      ауданда тұратын жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған жоғарғы оқу орындарының, колледждердің студенттеріне - "Регион-КZ" газетіне жазылу үшін - біржолғы материалдық көмек 3500 тенге мөлшерінде;
      57) аз қамтамасыз етілген отбасылар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – сандық спутниктік телерадиоарнаға қосу үшін - 22000 біржолғы материалдық көмек мөлшерінде;
      58) төрт және одан да көп кәмелетке олмаған балалары бар аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасылар – балаларын балалар бақшасында ұстауға – 10000 теңге мөлшерінде тоқсан сайын материалдық көмек;
      59) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар және Ұлы Отан соғысы жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген тұлғалар – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы шеңберінде Астана қаласына экскурсияға бару үшін – 17 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      60) Ұлы Отан соғысы жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген тұлғалар – 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай – 2000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      61) өрт, апат және техногендік құбылыс салдарынан зиян шеккен, кірісі күнкөріс минимумынан аспайтын, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы тұлғалар үшін – құрылыс материалдарын алу үшін – 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009.05.22 N 144/5; 2009.12.11 N 338/12; 2011.05.03 N 100/5 (жарияланған күннен кейін он календарлық күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3. Әлеуметтік төлемдер тағайындау тәртібі

      3. Нұсқаулықтың 2 – тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер мынадай жолмен жүргізіледі:
      1) әлеуметтік төлемдер 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57),  58), 59), 60), 61) тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға.
      2) мерзімді басылымдарға жазылу 13 - тармақшада көрсетілген санаттағыларға;
      3) жаңа жылдың сыйлықтары 26) 27) тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға;
      4) Сыйлықтар 7), 28), 45) тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009.05.22 N 144/5: 2009.12.11 N 338/12: 2011.05.03 N 100/5 (жарияланған күннен кейін он календарлық күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      4. Әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмектің басқа түрлері құқығы бар тұлғалар үшін 1) 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 31), 32), 33), 38), 39), 40) - тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін – Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының және оларға теңелгендерді әлеуметтік қорғау мен жеңілдік жөніндегі" Заңына сәйкес;
      2) 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 34), 35), 36), 37), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61) - тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін - 6.451.007.000 бюджеттік бағдарламасы негізінде тағайындалады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009.05.22 N 144/5; 2009.12.11 N 338/12: 2011.05.03 N 100/5 (жарияланған күннен кейін он календарлық күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

4. Әлеуметтік төлемдерді және әлеуметтік
көмектердің басқа түрлерін төлеу
үшін қажетті құжаттар тізбесі

      5. Нұсқаулықтың 2 тармағында көрсетілген аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді және әлеуметтік төлемдердің басқа түрлерін тағайындау үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) 1), 2), 3), 4), 5), 6), 30), 31), 32), 37), 38), 39), 40) - тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін ӘЖК зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Павлодар аудандық бөлемшесінің тізіміне сәйкес осы әлеуметтік төлемге құқылы жеке тұлғаның өтініші, жеке басының куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты жерден анықтама; табысын есепке алмағандағы мәртебе куәлігі;
      2) 13) тармақшада көрсетілген санаттар үшін ауылдар мен ауылдық округтердің тізіміне, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Павлодар аудандық бөлімшесінің табысты есепке алмаған тізіміне сәйкес;
      3) 7), 8), 9), 10), 11), 12), 21), 36), 41), 44), 45) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Павлодар аудандық бөлімшесінің, ауылдар мен ауылдық округтердің табысты есепке алмаған тізіміне сәйкес;
      4) 14) тармақшадағы көрсетілген санаттар үшін - СТТН көрсетілген, осы әлеуметтік төлемге құқылы жеке адамның, немесе науқастың жанындағы адамның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке адамның немесе науқастың жанындағы адамның жеке басының куәлігінің көшірмесі, емделу өткенін растайтын үзінді көшірме, авиабилеттерді қоспағанда, науқастың және оның жанындағы адамның екі шетке пайдаланған билеттері;
      5) 15) – тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін СТТН көрсетілген, жеке адамның өтініші, жеке басының куәлігінің көшірмесі, санаторийде санаторлық-курорттық емделудің қажеттілігін растайтын медициналық мекемеден анықтаманың көшірмесі, табысты есепке алмаған "Құрметті азамат" атағын алғанын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
      6) 16) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін СТТН көрсетілген, жеке адамның өтініші, жеке басының куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауылдық округтер мен ауыл әкімі аппаратының комиссиясы өткізген өтініш берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі, студенттің жоғары оқу орнымен үш жақты келісім-шарттың көшірмесі, ҰБТ-тің қорытындысы бойынша сертификаты, күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын табысты есептегенде;
      7) 17) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізіміне сәйкес;
      8) 18) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін Павлодар ауданы қорғаныс жөніндегі бөлімнің тізіміне сәйкес, СТТН көрсетілген, осы әлеуметтік жәрдемақыға құқығы бар жеке адамның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауылдық округтер мен ауыл әкімі аппаратының комиссиясы өткізген өтініш берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі, отбасының барлық мүшелерінің күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын табысы көрсетілген анықтама;
      9) 19) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін СТТН көрсетілген, осы әлеуметтік жәрдемақыға құқығы бар жеке адамның өтініші, оперативті емделудің қажеттілігін растайтын медициналық мекеме анықтамасының көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауылдық округтер мен ауыл әкімі аппаратының комиссиясы өткізген өтініш берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі, күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын табысты есептегенде;
      10) 20) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін табысты есептемеген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізіміне сәйкес;
      11) 22) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін СТТН көрсетілген, осы әлеуметтік жәрдемақыға құқығы бар жеке адамның өтініші, тұрғылықты жерден анықтама, табысы есептелмеген облыстық туберкулезға қарсы диспансерден анықтама;
      12) 23), 24), 25) - тармақшаларда көрсетілген санаттағылар үшін СТТН көрсетілген, осы әлеуметтік жәрдемақыға құқығы бар жеке адамның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауылдық округтер мен ауыл әкімі аппаратының комиссиясы өткізген өтініш берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі, күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын табысты есептегенде;
      13) 26) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін ауылдық округтердің тізіміне сәйкес, ауылдық округтердің адрестік әлеуметтік көмек комиссиясы отырысының хаттамасынан көшірме күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын табысты есептегенде;
      14) 27) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – аудандық білім беру бөлімінің тізіміне сәйкес, табысты есептемегенде;
      15) 28) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесінің табысты есепке алмаған тізіміне сәйкес;
      16) 29) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін осы әлеуметтік төлемдер алуға СТТН көрсетілген, жеке адамның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке басы куәлігінің көшірмесі, өлім туралы анықтама, өлім туралы куәліктің көшірмесі табысы есептелмеген;
      17) 33) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін осы әлеуметтік жәрдемақыға құқығы бар СТТН көрсетілген, жеке адамның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке басы куәлігінің көшірмесі, аудандық ішкі істер бөлімінен анықтама, кірістерді есепке алусыз;
      18) 34) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін осы әлеуметтік жәрдемақыға құқығы бар СТТН көрсетілген, жеке адамның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке басы куәлігінің көшірмесі, білім департаментінен ауылдық жерге жұмысқа жіберілгені туралы бұйрық; жұмысқа алу туралы аудандық білім бөлімінің немесе мектептің бұйрығы, кірісті есептемеген;
      19) 35) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін табысты есепке алмаған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізіміне сәйкес;
      20) 42) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін ауылдар мен ауылдық округтердің тізімдері, осы әлеуметтік жәрдемақыға құқығы бар СТТН көрсетілген, жеке адамның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке басы куәлігінің көшірмесі, кірісті есептемеген ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің қолдаухаты;
      21) 43) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін кірісті есептемеген, ауылдық дәрігерлер амбулаторияларымен келісілген ауылдар мен ауылдық округтердің тізімдеріне сәйкес;
      22) 46) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - осы әлеуметтік  көмек алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, аяғы ауыр мерзімі туралы медициналық мекеменің анықтамасы, кірістерді есепке алусыз;
      23) 47) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - осы әлеуметтік  көмек алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, кірістердің барлық түрі (зейнетақы, еңбекақы, жәрдемақы және т.б.), ауылдық округтер мен ауыл әкімі аппаратының комиссиясы өткізген өтініш берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды зерттеу актісі,  күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын кірісті есепке алумен;
      24) 48) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - ауылдық округтер мен ауылдардың тізіміне сәйкес жалғыз басты зейнеткерлер үшін, жұмыспен қамту секторының тізіміне сәйкес жалғыз басты жұмыссыздар үшін, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың  аудандық филиалының тізіміне сәйкес көп балалы аналар үшін, кірісті есепке алусыз;
      25) 49) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - осы әлеуметтік  көмек алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, медициналық мекеменің анықтамасы, кірістерді есепке алусыз;
      26) 50) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Зейнетақы төлеу  жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының тізіміне сәйкес,  кірісті есепке алусыз;
      27) 51) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - осы әлеуметтік  көмек алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, бала туу туралы куәлік, кірістерді есепке алусыз;
      28) 52) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - ауылдық округтер мен ауылдардың тізіміне сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын көрсетумен, СТТН, есеп шоты, мал дәрігері куәландырған ірі қара малды ұрықтандыру нәтижесі туралы анықтама, жеке ауласының болуы туралы анықтама, кірісті есепке алусыз;
      29) 53) тармақшада көрсетілген санаттар үшін осы әлеуметтік төлемдерге құқылары бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, табыс есебінсіз облыстық туберкулезге қарсы диспансерден анықтама;
      30) 54) тармақшада көрсетілген санаттар үшін осы әлеуметтік төлемдерге құқылары бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, табыс есебінсіз облыстық туберкулезге қарсы диспансерден анықтама;
      31) 55) тармақшада көрсетілген санаттар үшін осы әлеуметтік төлемдерге құқылары бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мәртебені куәландыратын құжат, табыс есебінсіз протездеуді қажет ететіндігі туралы медициналық мекемеден анықтама;
      32) 56) тармақшада көрсетілген санаттар үшін табыс есебінсіз ауылдық округ және ауылдардың тізіміне, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Павлодар аудандық бөлімшесінің тізіміне сәйкес;
      33) 57) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – аз қамтамасыз етілген отбасыларға – табысын ескере отырып ауылдық округтердің тізіміне сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар және Ұлы Отан соғысы жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген тұлғалар үшін – табысын ескерусіз зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының тізіміне сәйкес;
      34) 58) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – осы әлеуметтік көмекке құқылы жеке тұлғаның өтініші, жеке басы куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауылдық округ және ауыл әкімі аппаратының комиссиялары өткізген өтініш иесінің тұрғын үй–тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, күнкөріс минимумынан аспайтын кірісін ескере отырып;
      35) 59) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін - табысын ескерусіз зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының тізіміне сәйкес;
      36) 60) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – табысын ескерусіз зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының тізіміне сәйкес;
      37) 61) тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – осы әлеуметтік көмекке құқылы жеке тұлғаның өтініші, жеке басы куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауылдық округ және ауыл әкімі аппаратының комиссиялары өткізген өтініш иесінің тұрғын үй–тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, күнкөріс минимумынан аспайтын кірісін ескере отырып
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009.05.22 N 144/5; 2009.12.11 N 338/12; 2011.05.03 N 100/5 (жарияланған күннен кейін он календарлық күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

5. Есеп және есеп беру

      6. Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 100/5.
      Ескерту. 5 тармақ алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 100/5 (жарияланған күннен кейін он календарлық күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Нұсқаулықтың 2 тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік өтемақылар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қажетті құжаттарды қоса берген азаматтардың өтініштері негізінде жеке есеп шоттарына аудару жолымен аудандық пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009.05.22 N 144/5; 2009.12.11 N 338/12; 2011.05.03 N 100/5 (жарияланған күннен кейін он календарлық күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      8. Тоқсан сайын, есеп беретін тоқсанның 5-не қарай, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандық экономика және қаржы бөліміне әлеуметтік төлемдердің уақытында қамтамасыз ету жөнінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат береді.
      9. Бастапқы құжаттар (хаттама, зерттеу актілер, анықтамалар, қолдау хаттар және т.б.) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 3 жыл бойы сақталады.

Ескертулер:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш
ӘЖК - әлеуметтік жеке код
СТТН – салық тіркеушінің тіркеу нөмірі
ЗТЖМО – зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық
АІІБ – аудандық ішкі істер бөлімі
ҰБТ – ұлттық бірыңғай тестілеу

Павлодар әкімдігінің
2008 жылғы 5 желтоқсан
N 422/12 қаулысына
қосымша

Павлодар ауданы әкімдігінің күші
жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 65/2 қаулысы, Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 7 наурызда N 12-11-23 тіркелген, 2006 жылғы 9 наурыздағы N 10 (7558) "Нива" газетінде жарияланған, енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен.
      2. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі "Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"  N 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 138/4 қаулысы, Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 20 сәуірде N 12-11-25 тіркелген, 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 17 (7565) "Нива" газетінде жарияланған.
      3. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы "Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 525/12 қаулысы, Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 20 сәуірде N 12-11-33 тіркелген, 2006 жылғы 7 желтоқсандағы N 49 (7597) "Нива" газетінде жарияланған.
      4. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы "Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 65/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 208/6 қаулысы, Павлодар ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 13 маусымда N 12-11-60 тіркелген, 2007 жылғы 14 маусымдағы N 24 (7624) "Нива" газетінде жарияланған.
      5. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі "Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 65/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 291/9 қаулысы, Павлодар ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 18 қыркүйекте N 12-11-65 тіркелген, 2007 жылғы 20 қыркүйектегі N 38 (7638) "Нива" газетінде жарияланған.
      6. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 ақпандағы "Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 65/2 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" N 38/2 қаулысы, Павлодар ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 14 ақпанда N 12-11-90 тіркелген, 2008 жылғы 28 ақпандағы N 9 (7661) "Нива" газетінде жарияланған.
      7. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 6 тамыздағы "Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 65/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 305/8 қаулысы, Павлодар ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 27 тамызда N 12-11-98 тіркелген, 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N 36 (7688) "Нива" газетінде жарияланған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады