2009 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 43/1 қаулысы. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 наурызда N 64 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 1-19/296 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010.04.15 N 1-19/296 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы, 2 тармағына сәйкес тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыс пен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі бекітілсін.
      2. Успен ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Ж.Шаихова):
      1) жұмыс берушілермен (келісім бойынша) шарт бойынша тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын;
      2) жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін шарт жасасын;
      3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері үшін жұмыс берушілермен шарт бойынша жастар тәжірибесін ұйымдастыру.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009.06.10 N 177/6 Қаулысымен.
      3. Успен ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жүніспаева С.О.) әлеуметтік жұмыс орындарының аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәліпов

Успен ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 27 қаңтар қаулысына
қосымша

Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты
тобына жататындардың қосымша тізбесі

      Ескерту. Қосымша 6-тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009.06.10 N 177/6 Қаулысымен.

      1. Дәрігерлік комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуге шектеуі бар адамдар.
      2. Орта жастан жоғары адамдар (50 жастағы және одан жоғары).
      3. Жұмыс өтілі және мамандығы жоқ адамдар.
      4. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жылдан аса).
      5. 24 жасқа дейінгі жастар.
      6. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады