Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар туралы" N 43/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы N 177/6 қаулысы. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 шілдеде N 12-12-72 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 1-19/296 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010.04.15 N 1-19/296 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар туралы" N 43/1 қаулысының 2 тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2-12-64 тіркелген, 2009 жылдың 21 наурызда "Сельские будни" газетінде N 11 жарияланған) (бұдан әрі - Қаулы):
      мына мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері үшін жұмыс берушілермен шарт бойынша жастар тәжірибесін ұйымдастыру";
      Қаулының қосымшасы мына мазмұндағы 6 тармақпен толықтырылсын "бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәліпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады