Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.04.19 N 35/01-18/173 хаты).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармақ 14 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бап 2 тармағы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бап 2, 11 тармақтарына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету шараларын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің жас түлектерін әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ретінде Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру болып белгіленсін.
2. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі - Өкілетті орган) еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отырып Жастар тәжірибесіне жіберу үшін бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелері түлектерінің санын және жұмыссыз жастардың құрамын анықтасын.
3. Өкілетті органына Жастар тәжірибесін меншік құрылымына қарамастан (келісім бойынша) кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдарда (одан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастыру, өткізу және келісімшарт негізінде Жұмыс берушімен бірлесіп әрекет ету ұсынылсын. Келісімшарт Жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын жұмыссыздардың санын, мамандықтар тізбесін қарастырады, керек жағдайда Жастар тәжірибесіне қатысушыларды қосымша кәсіптік дайындау, мамандықтарына сәйкес білім, білік дағдысымен қамтамасыз етуге міндеттеме алады. Жастар тәжірибесі аясында кәсіптік білім беру мекемелерінің жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс беруге ниет білдірген Жұмыс беруші Өкілетті органымен тиісті келісімшарт бекітеді.
4. Оқу мекемесін бітіргеннен кейін алған мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері Жастар тәжірибесіне қатысуға құқығы бар.
5. Жастар тәжірибесін жүргізу жөніндегі шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет, республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер есебінен жүргізіледі.
Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын Өкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасымен ағымдағы жылға бекітілген ең төмен еңбекақы мөлшерінен біржарым айлық еңбекақы мөлшеріне дейін нақты жұмыс істеген жұмыс мерзіміне сәйкес төленеді.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.
Шарбақты ауданының әкімі С. Смағұлов