IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі "Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы" № 119 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XІХ сессиясының 2009 жылғы 25 маусымдағы N 220 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 24 шілдеде N 819 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы қаласы мәслихатының 14.09.2018 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 1 тармағына және Алматы қаласы әкімінің ұсынысына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі "Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы" № 119 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 14 тамызында № 781 нөмірмен тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2008 жылғы 21 тамыздағы № 95 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2008 жылғы 21 тамыздағы № 100 санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерінің:

      11 тармағының:

      "1 тармақшасы төмендегідей редакцияда берілсін:

      1) жасыл желектер мәселесі бойынша тапсырыстарды (өтініштерді) төмендегідей ретте қарастырады:

      Тапсырыстарда (өтініштерде) көрсетілген жерге барып жасыл желектерді анықтайды, олардың тұқымдық құрамы, жасы, сапалық жағдайы нақтыланады;

      Алматы қаласының аумағында жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай), амалсыз кесуге, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық қырқуға, ландшафтық кесуге, жасыл желектерді қайта отырғызуға актілерді рәсімдеу мен рұқсаттарды беру, тексеру жүргізу, рұқсат материалдарын дайындауды жүзеге асырады (№ 1, № 2, № 3 қосымшалар).

      1) тармақшадағы талаптар Осы ережелердің 44, 45, 46 тармақтарында қарастырылған жағдайларда қолданылмайды";

      14 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарының көшірмесін уәкілетті орган жасыл қормен жұмыс жасау кезінде ұсыныс ретінде пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – аудан әкімдіктеріне жібереді".

      18 тармақтағы:

      "уәкілетті орган жүзеге асырады" сөздері "бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – аудандық әкімдіктер жүзеге асырады" сөздерімен ауыстырылсын.

      Мынадай мазмұндағы 49-1 тармағымен толықтырылсын:

      "49-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – аудандық әкімдіктер бюджет қаржысына жасыл желектерді қайта отырғызуға, санитарлық кесуге рұқсаттарды ресімдеу үшін уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды ұсынады:

      1) уәкілетті органның басшысының атына басшының аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл желек орналасқан жерді көрсете отырып жазылған тапсырыс;

      2) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектерді отырғызу сызбасы көрсетілген, жобалық көгалдандырудың жоспары;

      3) көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген, өтемдік көгалдандыру жөніндегі кепіл хат.

      Жасыл желектердің санын, тұқымдық құрамын, сапасын Ережелердің 19 тармағына сәйкес анықталған, арнайы мамандандырылған ұйымдарды қатыстыра отырып, бағдарламалардың әкімгерлері өз бетінше анықтайды".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Ә.Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Шормановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.

      IV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХІХ сессиясының
төрағасы
А. Моргунов
      IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады