Алатау ауданында жаңа құрылған ықшамауданға және жеке көшелерге атау беру туралы

Жаңа

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XІХ сессиясының 2009 жылғы 25 маусымдағы N 217 шешімі және Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 шілдедегі № 4/426 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 31 шілдеде N 820 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес қалалық ономастика комиссиясының ұсынысы негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШТІ: 
      1. Алатау ауданында жаңа құрылған ықшамауданға «Саялы» атауы берілсін.
      2. «Саялы» ықшамауданындағы көшелерге мына атаулар берілсін:

1

Ақсай

бірінші көшеге

2

Ақбұлақ

екінші көшеге

3

Аққайың

үшінші көшеге

4

Аққайнар

төртінші көшеге

      3. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап, орнатуға қала бюджетінде көзделген қаржы есебінен ақша қаражатын бөлсін.
      4. Алатау ауданының әкімі, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап, орнатсын.
      5. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға және Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
      6. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы әкімі                  А. Есімов

      ІV сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      ХIХ сессиясының төрағасы             А. Моргунов

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                 Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады