Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 14.07.2014 N 3/586 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына, Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жол картасын жүзеге асыру аясында 2009-2010 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандары даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Алматы қаласы Білім басқармасы Жол картасын жүзеге асыру аясында 2009-2010 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есимов
Алматы қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 5/794 қаулысына қосымша
Жол картасын жүзеге асыру аясында 2009-2010 оқу жылына
техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Оқу орнының атауы |
Оқушылар қабылдау |
||||
Мамандықтардың коды мен атауы |
Базалық білімі |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (күндізгі) |
2009 жылдың 4 айында бір маманды оқытуға жұмсалатын қаржы жылындағы шығынның орташа құны (мың теңге) |
2010 жылдың 8 айында бір маманды оқытуға жұмсалатын қаржы жылындағы шығынның орташа құны (мың теңге) |
|
"Алматы техно- |
1218000-Азық- |
11 сынып |
150 |
64,125 |
150 |
1219000-Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі |
11 сынып |
30 |
64,125 |
150 |
|
1223000-Сыра, алкогольсіз және спиртті ішімдіктер өндірісі |
11 сынып |
30 |
64,125 |
150 |
|
1224000-Сүт тағамдарының өндірісі |
11 сынып |
30 |
64,125 |
150 |