Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18-баптарына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес, әскерге шақыру жасына дейінгі шақырылушыларды әскери есепке алу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан аумағында 2009 жылы қаңтар-наурызда 1992 жылы туған және одан үлкен жастағы, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтардың тіркеуі өткізілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2009.01.27 N 23 Қаулысымен
2. 1 қосымшаға сәйкес шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін.
3. 2 қосымшаға сәйкес шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс тәртібі бекітілсін.
4. «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекетік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) шақырылушыларды медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар дәрігер мамандарды және орта медициналық қызметшілердің қажетті санын бөлсін.
5. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды стационарлық тексеру үшін Аққайың аудандық орталық ауруханасында терапевтік бөлімде - 9 орын, хирургия бөлімінде - 3 орын қарастырсын.
6. «Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) (Бұдан әрі мәтін бойынша – Қорғаныс бөлімі):
1) шақыру бекетіне үй жай бөліп және оның қалыпты жылыту жағдайын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын;
2) әскерге шақырылушылармен әскери-патриоттық тәрбие жөнінде жұмысты өткізу үшін шақыру учаскесінде үгіт бекетін ұйымдастырсын.
3) 1992 жылғы және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеу кестесі жасалсын және округ әкімдеріне жеткізілсін.
7. «Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу кезінде:
1) Қорғаныс бөлімінің мәлімдемесі бойынша әскери есепке тіркелуден бас тартқандарды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын;
2) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу кезінде полиция қызметкерін бөлсін;
3) шақыру учаскесіне дейін әскерге шақыру жасына дейінгі шақырушыларды полиция инспекторы алып баруын ұйымдастырсын.
8. Селолық округ әкімдері:
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскерге шақыру жасына дейінгі шақырылушылардың тізімін ұсынсын;
2) әскерге шақыру жасына дейінгі шақырылушылардың шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін және оларды әскери есепке алу жөніндегі маман мен полиция учаскесінің инспекторы бірлесіп кері алып баруды қамтамасыз етсін.
9. «Аққайың аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландырылуын жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаржы есебінен қамтамасыз етсін.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Х. Сауытовқа жүктелсін.
11. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шушамоин
Аққайың ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 қаулысына
1-қосымша
Азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның
НЕГІЗГІ ҚҰРАМЫ
Баймұқанов |
- «Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша) |
Үмбетов |
- «Аққайың аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, төрағаның орынбасары |
Комиссия мүшелерi: |
|
Оспанов |
- «Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келiсiм бойынша) |
Құнанбаева |
- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының терапевт-дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келiсiм бойынша) |
Байбатырова |
- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының дәрігерлік бибісі, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша) |
Резервтік комиссияның құрамы |
|
Скрипко |
- «Аққайың ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің шұғыл мәселелер, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман, төрағаның орынбасары |
Комиссия мүшелері |
|
Тасимов |
- «Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полицияның аға учаскелік инспекторы (келiсiм бойынша) |
Куприянова |
- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының терапевт-дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келiсiм бойынша) |
Ілішова |
- «Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының дәрігерлік бибісі, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша) |
Аққайың ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 қаулысына
2-қосымша
Азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі
1. Азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі мәтін бойнша – Комиссия) өзінің қызметін «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереже негізінде жүзеге асырады.
2. Комиссия отырысы азаматтарды шақыру бекетінде өткізу кезеңінде «Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттіқ мекемесінің бөлмесінде дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 14.00-ден - 18.00-ге дейін өткізіыеді.
3. Комиссия төрағасы:
1) Комиссияның тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін шақыру бекетінің жабдықталуын тексереді;
2) Әр жұмыс күннің басында дәрігерлік комиссия төрағасынан медициналық қараудың қорытындылары туралы баяндаманы қабылдайды;
3) Комиссия отырыстарында төрағалык жүргізеді;
4) Әр жұмыс күнінің соңында комиссия хаттамаларын жазатын кітаптағы жазбалардың дұрыстығын тексереді және хаттамаға қол қояды;
5) Комиссия жұмысына бақылау жүргізуіді жүзеге асырады.
4. Комиссия мүшелері:
1) Комиссия отырыстарына қатысады;
2) Шақыруға дейінгілердің құжаттарын зерттейді;
3) Шақыруға дейінгілермен жеке сұхбат жүргізуін, олардың немен айналысатындығын,мамандығын, білімін, жалпы дамуын анақтайды;
4) Зерттелген құжаттар, дәрігерлік қараудың нәтижесі, және өткізілген жеке сұхбаттардың негізінде сәйкес шешім қабылдайды;
5) Әр жұмыс күнінең соңында комиссия хаттамаларын жазатын кітаптағы жазбалардың дұрыстығын тексереді және хатамаға қолдарын қояды.
5. Комиссия хатшысы:
1) комиссия мүшелерінің қарауына шақыруға дейінгілердің құжаттарын ұсынады;
2) Комиссия жұмысының барысында хаттамалар кітабын жүргізеді.