Аққайын ауданы бойынша 2009 жылы көктемгі - далалық жұмыстарды жүргізу барысында басымдықты ауыл шаруашылық дақылдарды себудің тиімді мерзімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы N 106 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 мамырда N 13-2-99 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 87 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігінің 2010.04.30 N 87 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабының 2-тармағына, «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілірге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген Ереженің 12 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы көктемгі-далалық жұмыстарды жүргізу барысында Аққайың ауданының топырақты егіншілік-далалық, жазықтық, орманды дала аймағында субсидияланатын дақыл түрлері бойынша басымдықты ауыл шаруашылық дақылдарды себудің тиімді мерзімі анықталсын:
      мамырдың 15-нен мамырдың 20-на дейін - рапс;
      мамырдың 15-нен мамырдың 30-не дейін - жаздық бидай;
      мамырдың 20-нан мамырдың 25–не дейін - қарақұмық;
      мамырдың 25-мамырдың 30-на дейін - асбұршақ;
      мамырдың 25-нен мамырдың 30-на дейін - арпа, орташа кеш сортты;
      мамырдың 25-нен маусымның 30-на дейін - сұлы, орташа кеш сортты;
      мамырдың 27-нен мамырдың 30-на дейін - сұлы, орташа пісетін;
      мамырдың 28-нен маусымның 5-не дейін - тары;
      мамырдың 30-нан маусымның 5-не дейі - арпа, орташа пісетін сортты.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Елубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады