2009 жылға арналған Айыртау ауданында тұратын мақсатты топқа кіретін тұлғалардың қосымша тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 84 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 мамырда N 13-3-97 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 6 қаңтарда N 1 Қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010.01.06 N 1 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148-II Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149-II Заңының 7-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы» № 264 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:        1. 2009 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұратын мақсатты топқа кіретін тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
      2. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты тобына кіретін тұлғаларын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау шараларын қарастырсын.
      3. Берілген қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р Тілеубаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш арнайы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 14 cәуірдегі
№ 84 қаулысымен
бекітілген

Мақсатты топқа кіретін тұлғалардың қосымша тізімі

      1. Қазақстан Реcпубликасының орта, орта-кәсіптік және жоғарғы оқу орындарының түлектері.
      2. Айыртау ауданының аумағында орналасқан кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден жұмысшылар саны мен штатын қысқартуға байланысты жұмыстан босатылған жұмысшылар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады