Айыртау ауданындағы көріктендіру және жасыл желекті екпелерді қорғау Ережесі туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 4-15-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 мамырда N 13-3-100 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі N 5-6-6 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2012.07.25 N 5-6-6 Шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      2001 жылдың 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Айыртау ауданындағы көріктендіру және жасыл желекті екпелерді қорғау Ережесі бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 28 наурыздағы № 2-11-12 «Аудан орталығының және елді мекендердің аймақтарын, тұрғын үй қорын және үйлердің маңайындағы аймақтарды күту, жерлерді, ормандарды, су ресурстарын, инженерлік коммуникацияларды қорғау және күту, территориялардың санитарлық тазалауы және сәулеттендіру, жасыл өскіндерді қорғау және күту, Айыртау ауданында санитарлық-экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету  ережелері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 21 қазандағы № 3-21-7 (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-3-20, 2005 жылғы 4 қарашада  “Айыртау таңы” және 2005 жылғы 4 қарашада “Айыртауские зори” газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың ХV                    Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс сессиясының                   хатшысы
      төрайымы
      А.Шураева                                  Қ. Хамзин

Айыртау аудандық
мәслихатының  2009 жылғы 27
сәуірдегі кезектен тыс XV
сессиясының № 4-15-3 шешімімен
бекітілген

Айыртау ауданындағы көріктендіру және жасыл желекті екпелерді қорғау Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, 300387-баптарына, 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасының “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Заңының 3-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасындағы “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
      Ережелер аудандағы көріктендіру және жасыл желекті екпелерді қорғау саласында, жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды.

2. Осы ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер

      2. Ауданды көріктендіру - аудан аумағындағы адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені.
      3. Аула ішілік аумақтар-шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлік аялдамаларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар ішін пайдаланатын жерлер.
      4. Бөлінген аумақ-жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған, өкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін, өзіне жататын объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
      5. Іргелес жатқан аумақ- өзінің жеке меншігіндегі және жалға алып пайдаланушылар ғимараттарының шекараларымен тікелей шектесіп жатқан (периметр бойынша 5 метр шекарадағы), орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшалары, сауда, жарнама объектілері.
      6. Жерді пайдаланушы-мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, пәтер иелері кооперативтері) аудан шекарасында жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      7. Жалпы пайдалану орындары-демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар) алаңдар, көлік аялдамалары.
      8. Шағын сәулеттік нысандар-көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
      сәндік құрылғылар-мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стеллалар, оймабеделер, гүл құмыралары, ту салғыштары;
      іске асыру сипаттарындағы құрылғылар-демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, телефон автоматтары, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер,үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері.
      9. Ғимарат-көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін,сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс.
      10. Орын-жай-өндірістік әдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолтаңбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
      11. Өту жолдары, өтетін жер-тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және шағын аудандар, орамдар ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
      12. Жаяужолдар-жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүл кестемен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі.
      13. Жолдарды күтіп ұстау-нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көлікті-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
      14. Аумақты тазарту-аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
      15. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі-қалдықтар) -өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
      16. Қатты тұрмыстық қалдықтар – тұтынудың одан ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
      17.Ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз).
      18. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері-заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған қатты тұрмысты қалдықтар  (ірі көлемді қалдықтар), өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
      19. Қатты тұрмысты қалдықтар, ірі көлемді қалдықтар жинау және шығару- қатты тұрмысты қалдықтар контейнерлерден арнайы автокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
      20. Өкілетті орган - тұрғын-коммуналдық шаруашылық оның жолаушылар транспортының және автокөліктік жолдарының саласында құзыры аудан әкімдігімен анықталған Мемлекеттік Мекеме.

3.Село аумағын тазарту

      21. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру;
      4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
      6) қысқы мерзімде жол жүру бөлігін механикалық жинау;
      7) механикалық жинау кезінде қарды арту және шетке шығару;
      8) қарлы үйінділерді күтіп ұстау.

3.1. Көшенің өту жолдарын тазарту

      22 Жолдардың өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту, алаңдардың және көше желілерін, сондай-ақ соңғы автобус бағыттарының тұратын-айналу алаңдарын, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде, мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      23. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан, технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін халықтың жаппай баратын объектілеріне жақын орналасқан магистральді көшелерінің бойына күнделікті сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін автокөлік құралдарын қоюға жіберілмейді.
      Тиым қажетті жол белгілерін қоюмен белгіленеді.
      24. Өту жолының, көшелердің және кіру жолдарының жол төсемдерін, осьтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, жоспар-ұдайы жүйеге сәйкес жүргізіледі.
      25. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Өту жолдарының қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
      26. Жолдардың жиектері өсімдіктен, ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға тиым салынады.

3.2. Жаяужолдарды, аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      27. Көше мен өту жолдары бойында орналасқан немесе жол жағынан гүл кестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда сату және қызмет көрсету объектілерімен іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары ауданның санитариясын қамсыздандыруын жүзеге асыратын коммуналдық кәсіпорындармен жүргізіледі.
      28. Көпірлердегі, жол желілердегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындармен жүргізіледі.
      29. Көшенің жол жағынан гүл кестемен бөлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстары кесіп берілген жермен сәйкес орындалады.
      30. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      31. Аудандық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын ауданның санитарлық жинауын жүзеге асыратын кәсіпорындар атқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу аландары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

3.3. Қысқы кездегі село аумағын тазарту ерекшеліктері

      32. Село көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Ережелердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      33. Саябақтардағы, орман саябақтардағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұксат етіледі.
      34. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздықтардан тазартылуы керек.
      35. Жаяужолдар мен жолдың жүру жағындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгіленген орындарға шығарылады (қарлы үйінділер).
      36. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерлер:
      бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жақын жолдарда;
      көлікті қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі                 жиектемелері бар жол учаскелерінде;
      жаяужолдарда.
      37. Жаяужолдар мен көгалдарға қар шығаруға рұқсат етілмейді.
      38. Қар шығару технологиясы екі кезеңнен тұрады:
      бірінші кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын жерлер, селолық жолаушыларды тасымалдау көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінен, көпірлерден және жол желілерінен, халықтың жаппай баратын орындарынан (ірі сауда кәсіпорындардан, базарлардан, қонақ үйлерінен, сапаржайлардан), ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерден;
      соңғы қар шығару (жаппай) жұмыстары бірінші кезектегі қар шығару жұмыстарынан кейін, өкілетті органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.
      39. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы кесіп берілген, дайындалған алаңшаларға (қарлы үйінділерге) жүргізілуі тиіс. Белгіленген тәртіпте көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға жол берілмейді.
      40. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қарлы үйінділерді күтіп-ұстайтын мердігерлік-ұйымдармен қоқыстардан тазартылып, көркейтілуі тиіс.
      41. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
      1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздықтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
      2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өнделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
      3) тайғақ болатын немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек;
      42. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан асфальтқа дейін тазартылуы тиіс, қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс, мұздық пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.
      43. Аула аумақтары мен ішкі орамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
      44. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.
      45. Жаяу жүргіншілер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлі учаскені қоршау арқылы, жүргізілуі керек.
      46. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздықтарды тазарту жұмыстары жаяужолдарға түсіру, тек күндізгі уақытта жүргізілуі мүмкін. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсіру аула аумақтарына жүргізілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау керек. Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүңгілер жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрі көшенің жолын тазартушы ұйыммен шығару үшін орналастырылады.
      47. Сарқынды су құбырларының ауызына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.

4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      48. Село аумағында жол берілмейді:
      тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндірістік қалдықтарды, жәшіктерді, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды село аумағына төгуге;
      тоғандарға және сайларға өндіріс кәсіпорындарының тазартылмаған суларын және жеке сектордың төгілетін суларын ағызуға;
      жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдардың, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға жол берілмейді, сондай-ақ қатты тұрмысты қалдықтар полигонына қоқыстарды апаратын арнайы автокөліктерге ашық люкпен жол жүруге;
      әр түрлі маңызы бар объектілерді гүл кестелерге, гүлзарларға, жаяужолдарда, балалар алаңшаларына, ғимараттардың арқаларына орналастыруға;
      ауданның жергілікті атқарушы органдары белгілеген жерлерден тыс жерлерде хабарландыруларды, жарқағаздарды, баспа үгіт материалдарын, хабарламаларды, сыртқы (визуальды) ақпараттарды орналастыруға, жабыстыруға;
      баспа үгіт материалдарын шашып тастауға.

5. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау

      49. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желекжолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен, демалу орындарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттермен, қоршаулармен, телефон будкаларымен (қалқалармен), автокөлік күтуге арналған павильондармен жабдықталады.

6. Шағын аудандарды көріктендіру

      50. Шағын аудандардың тұрғын жай аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
      51. Үй-жайлардың аумағына контейнерлер орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөліну қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
      52. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Сәулет органдарымен, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау және ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автокөліктік жолдары бөлімімен, ауданның құрлыс бөлімімен келісілуі керек.
      53. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәріссіз үй-жайлардан бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.
      54. Контейнерлік алаңшалары бар аумақтарда мына талаптар орындалуы керек:
      1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы тиіс;
      2) контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
      3) контейнерлік алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақтың тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз етуге;
      4) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
      5) жылдық қысқы мерзімде контейнерлік алаңшаға арнайландырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз етуі керек.
      55. Контейнерлер орнату үшін алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтың дем алатын орындарынан кем дегенде 25 метірдей және 100 метірден аспайтын қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі 5 контейнерлер санынан кем емес орнатуға есептелген. Контейнерлер мен алаңшаның шегіне дейін шақырым 1 метірден кем емес болуы тиіс.
      56. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстары қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері.
      57. Сапаржайларда, базарларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерінде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек.
      58. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігінде немесе қолдаланылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілері мен    мердігермен жүргізіледі.
      59. Қораптарды жуу жұмыстары кірлеуіне қарай жүргізіледі
      60. Шағын аудандардың тұрғын жай  аумақтарында, сондай-ақ кесіп берілген жер учаскелері шегінде аумағының аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
      көтермелердің, жаяужолдардың, жүргіншілер жолының, орамшылық кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар) салуға жол бермеуге;
      аулаішілік аумақтарды құрылыс материалдарымен үйіп тастауға жол бермеуге;
      өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап тазартуға;
      шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
      61. Аулаішілік аумақта жол берілмейді:
      аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
      аулалық аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      көлік құралдарын қоюға және (немесе) аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға.

7.Апатты жұмыстарды жүргізу

      62. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын аз мерзімде орындау шараларын талап етеді.
      63. Апаттық бригаданы апат орнына жіберу мен қатар пайдаланушы ұйым апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, аудандық жол полициясы бөліміне, коммуналдық шаруашылығының өкілетті органдарына, мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау органдарына және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
      64. Аймағында комуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, хабарды алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін міндетті түрде жіберіулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.
      65. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағыдайда, аудандық жол полициясы бөліміне жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
      66. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалғандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттың жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдың) жол жағына жол полициясы бөлімінің келісімімен қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттың жарықтандыру, қоршау (қалған), орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
      67. Аппаттың салдарын жою және аумақтық көріктендіруін қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет, көрсетілген мерзімге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады.
      68. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да көркейту элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады. Апатты жұмыстардан кейін жаңартылған асфальтобетон жабуының сапа кепілдігінің мерзімі екі жылдан кем емес.
      69. Жоспарлы жұмыстарды апатты деп жүргізуге қатаң түрде тыйым салынады.

8.Жасыл желектерді күту және қорғау

      70. Жасыл желекті екпелер жалпы ұлттық игілік, маңызды емдеу факторы және ауданның елді мекендерінің әшекейі болып табылады. Оларды қорғау мен күтіп ұстауы-әр заңды және жеке тұлғалардың міндеті.
      71. Жасыл өсімдіктердің ағымдағы күтіп ұсталынуы, сақталынуы мен жаңартуы аумақтағы тиесілі заңды және жеке тұлғаларға, иелеріне және жер пайдаланушыларға жүктелінеді:
      1) тұрғын шағынаудандарда, тұрғын үйлер алдындағы құрылыстардан бастап жаяужол сызығына дейін көшелерде-пәтер иелері коперативтері, тұрғын қорының иелеріне;
      2) жалпы пайдалану объектілерінде (саябақтар, тынымбақтар, саяжолдар) және жаяужол сызығына дейін көше бойынша-қалалық бюджеті есебінен шарттық негізінде жұмысты орындайтын кәсіпорындарға;
      3) өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және меншіктің түрлі нысанадағы басқа да объектілер аумағында, сондай-ақ оларға тиесілі аумақта санитарлық-қорғау аймақта-кәсіпорындарының бастықтары мен осы объектілерінің иелеріне;
      4) құрылысқа деп кесіп берілген аумақтарда, жұмысты бастаған күннен бастап-талап беруші немесе оның сенімхаты бойынша бас мердігер-құрылыс ұйымына.
      72. Құрылыстың аясына түсіп жатқан жасыл желекті екпелерді алып тастау және қайта салу, жер астындағы коммуникацияларды және инженерлік жүйелерді жіберу жасыл желекті екпелерді кесуіне немесе ағаштын түбін қопарып қазып алуға рұқсат болған кезде ғана жол беріледі.
      73. Жұмыс жүргізген кезде қажет:
      1) жасыл  желекті екпелерді бұзушылықтан қоршауға;
      2) қала жолдарын, жаяу жолдарын, өту жолдарын, алаңшаларды салған кезде 1 метрден кем емес диаметрмен шұңқырды қалтыруға,
      3) жасыл  желекті екпелерге күтім көрсету, соның ішінде:
      қоқыстарды жинау, көгалдарды тырнауышпен жинау, құрғақ жапырақтарды жинау, арам шөптерді жұлу, көгалдарды шабу, бұталарды қию;
      ағаштардың түбін арнайы құралмен қопсыту, ағаштарды ағарту;
      жасыл желекті екпелерге, көгалдарға, гүлзараларға су құю;
      ағаштардың жапырағын кесу, құрғақ бұтақтарды, сынық бұтақтарды кесу;
      ағаштарды, бұтақтарды жаңарту (мамандардың консультациясы бойынша);
      ауру және құрғақша ағаштарын алып тастау (комиссияның актісі бойынша);
      бар болатын жасыл қорда ағаштардың және бұтақтардың жөндеу отырғысы;
      жүйелі ауылшаруашылық зиян келтірушілермен және аурулармен, карантиндік арамшөптермен өз күшімен немесе өсімтіктерді қорғау станцияларымен шарт бойынша күрес жүргізу.
      74. Жасыл желекті екпелер аумағында жол берілмейді:
      1) құрылыс материалдарын, топырақты, ағашты, көмірді және басқа да заттарды жинауға;
      2) көгалдарды, гүлзарларды, шұңқырларды қоқыспен толтыруға;
      3) көгалдар үстінде жүру, ағаштарды, бұтақтарды сындыру мен кесу, басқа да механикалық бұзушылықтарды келтіруге;
      4) ағаштардың және бұтақтардың өз еркі бойынша кесуді жүзеге асыруға;
      5) қоршауларды құру, гүлдерді жұлу, көп жылдық гүлдердің түйнектері мен сайнақтарын қазу;
      6) көгалдарға және гүлзарларға автотранспортты орналастыруға;
      7) жапырақтарды жағу, көгалдарда көкөністерді өсіру, ағаштарға сымдарды, әткеншектерді, жіптерді, жарнамаларды және кестелерді   орналастыру, баубақша-саябақ құралдарын бұзуға;
      8) малды, құсты бағуға, иттерді серуендетуге;
      9) көгалдарда және гүлзарларда  цемент және бетон ерітінділерін дайындауға.

9.Аудан аумағына тазарту жұмыстарын
ұйымдастыру, көріктендіру, санитарлық тазалық
жұмыстары бойынша бақылау уәкілетті органдар мен
мемлекеттік органдардың міндеттері

      75. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы ережелердің сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет-құрылысы, өртке қарсы, санитарлық бақылау органдарымен өз құзырлары шегінде жүргізіледі.
      76. Функционалдық міндеттерге сәйкес ауданның жалпы көріктендіру жағдайын бақылау, комиссиялық аралау мен тексеріс жүргізу жағдайын реттеумен, мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарын уәкілетті орган жүргізеді.

10.Ережені бұзғаны үшін жеке және
заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      77. Осы ережелерді бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасындағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады