Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы "2009 жылға Айыртау ауданында субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері бойынша көктемгі егіс жұмыстарын өткізуде оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" N 49 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 126 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 шілдеде N 13-3-101 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамызда N 197 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы «2009 жылға Айыртау ауданында субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері бойынша көктемгі егіс жұмыстарын өткізуде оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» № 49 қаулысына (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 13-3-94 тіркелді, 2009 жылғы 17 сәуірдегі «Айыртау таңы» және 2009 жылғы 17 сәуірдегі «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
      Бастама бөлімінде «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Қазақ ғылыми зерттеу институтының кепілдемелері» сөздері «Солтүстік Қазақстан АТС» ЖШС-нің көп жылғы ғылыми зерттеулерінің негізінде дайындалған «2009 жылға Солтүстік Қазақстан облысы топырақ-жер өңдеу аймақтары бойынша субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері жөніндегі көктемгі егістік жұмыстарын оңтайлы мерзімде өткізу жөніндегі нұсқаулары» сөздеріне ауыстырылсын.
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес берілген қаулыға қосымша жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ш.Тұралиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы арнайы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 5 маусымдағы
№ 126 қаулысына
қосымша

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 4 наурыздағы
№ 49 қаулысына
қосымша

Айыртау ауданында 2009 жылғы топырақ-жер өңдеу
аймақтары бойынша субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері жөніндегі көктемгі егістік жұмыстарын оңтайлы мерзімде өткізу жөніндегі нұсқаулары

№пп

Жер өңдеу аймағы

Дақылдар

Көктемгі егіс жұмыстарын
өткізуге оңтайлы
мерзімдер

2009 жылға алдыңғы егіс

1

2

3

4


1

ІІ-дала, тегіс жер, шоқ далалы жер

Жаздық бидай

15.05.-30.05

5 маусым бойынша

Арпа-орташа-
кеш сорттары

25.05-30.05


Арпа-орташа-
пісетін сорттары

30.05-5.06


Сұлы-орташа-
кеш сорттары

25.05-30.05


Сұлы-орташа-
пісетін сорттары

27.05-30.05


Бұршақ

25.05-30.05


Қарақұмық

20.05-25.05


Тары

28.05-5.06


Рапс

15.05-20.05


Лен, қыша

17.05-20.05


Шемішке май тұқымына

12.05-15.05


Картоп

15.05-18.05


Жүгері силосқа

15.05-20.05


2

ІV-таулытас және таушықтасты

Жаздық бидай

15.05.-25.05

2 маусым бойынша

Арпа-орташа-
кеш сорттары

25.05-30.05


Арпа-орташа-
пісетін сорттары

30.05-5.06

 

Сұлы-орташа-
кеш сорттары

25.05-30.05

 

Сұлы-орташа-
пісетін сорттары

30.05-5.06

 

Бұршақ

25.05-30.05

 

Қарақұмық

20.05-25.05

 

Тары

28.05-30.05

 

Рапс

15.05-18.05

 

Лен, қыша

16.05-19.05

 

Шемішке май тұқымына

12.05-15.05

 

Картоп

12.05-18.05

 

Жүгері силосқа

14.05-18.05

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады