Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010.01.06 N 1 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213-1 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 04 мамырдағы № 108 «2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулысына (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 13-3-96 тіркелді, 2009 жылғы 22 мамырдағы «Айыртау таңы», 2009 жылғы 22 мамырдағы «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен құрылған аудандық шақыру комиссиясының құрамына «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы – Чепухин Сергей Иванович төраға болып енгізілсін;
аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Әубәкіров Нұрлан Әлбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы алғашқы арнайы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Айнабеков
Келісілді:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы С. Чепухин