2010 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурызына дейінгі кезеңінде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының еркек жынысты 1993 жылғы азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 қарашадағы N 27 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 желтоқсанда N 13-3-110 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 12 тамыздағы N 272 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2010.08.12 N 272 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 2, 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы және одан жоғары жастағы, бұрын тіркеуден өтпеген еркек жынысты азаматтарды 2010 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурызына дейінгі кезеңінде Айыртау ауданының шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу ұйымдастырылсын.
      2. Селолық округ әкімдері хабарды жеткізуді ұйымдастырып, азаматтардың тіркеуге уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері:
      тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссия билігіне білікті дәрігерлердің, орта деңгейлі медициналық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін;
      тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссиясын дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
      стационарлық (амбулаториялық) емдеуді қажет ететін әскерге шақырылатын жастағы азаматтарды емдеуді қамтамасыз етсін.
      4. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2010 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурызына дейінгі тіркеу жүргізу кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тартылған техникалық қызметкерлердің және қызмет ететін жұмысшы тұлғалардың еңбегіне жалақы төлеу үшін бекітілген смета шегінде қаржыландыру жүргізсін, сонымен бірге тіркеуді ұйымдастыру және 1993 жылғы, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген үлкен жастағы азаматтарды іздестіру үшін аталған іс-шараға бөлінген қаражат шегінде ақшалай қаражат бөлуді қамтамасыз етсін.
      5. «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеу жүргізу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р. Тілеубаеваға жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков
      Келісілді:
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С. Чепухин
      «Айыртау ауданының ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Қ. Айтпаев
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Солтүстік
      Қазақстан облысы  әкімдігінің
      Айыртау ауданының орталық
      аудандық ауруханасы» коммуналдық
      мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  К. Бұрмағанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады