"Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы 31-бабы 1-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы көлемінде кәсіпорындарда мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарынан мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м. а. | А. Тайшабаева |