Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 117 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 ақпандағы Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Дудов

  Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 117 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 73 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2008 жылғы 7 мамырдағы № 13-5-61 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2008 жылғы 31 мамырдағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2008 жылғы 31 мамырдағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 37 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілер тіркеу мемлекеттік реестрінде 2009 жылғы 30 наурызда № 13-5-91 тіркелді, 2009 жылғы 18 мамырдағы "Есіл Өңірі" аудан газетінде, 2009 жылғы 18 мамырдағы "Новости Приишимья" аудан газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. "Жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 111 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 2258 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2013 жылғы 6 мамырдағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2013 жылғы 6 мамырдағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      4. "2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарына жататын тұлғалардың нысаналы топтарын анықтау және қосымша тізімін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 457 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 3504 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 21 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 3646 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2016 жылғы 14 наурыздағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2016 жылғы 14 наурыздағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады