Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінің аумағын абаттандыру ережесі туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қарашадағы N 14-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 желтоқсанда N 13-5-104 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 мамырдағы N 4-10 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2012.05.30 N 4-10 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінің аумағын абаттандыру Ережесі бекітілсін (қосымша)
      2. Осы шешім он күнтізбелік күн өткесін бұқаралық ақпараттар құралдарында алғаш ресми жарияланып қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихат
      ХІV сессиясының төрағасы                   хатшысы
      Е. Әміренов                                Б. Ысқақова

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 қарашадағы
сессиясының № 14-2 шешімімен
бекітілді

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде абаттандыру ережелері

1. Жалпы ережелері

      1. Осы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде абаттандыру ережелері (одан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.
      Ережелер абаттандыру, егістерді қорғау, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды.

2. Осы ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер

      2. Елді мекенді абаттандыру – елді мекендер аумағындағы адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені.
      3. Аула ішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлік аялдатуларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын жерлер.
      4. Бөлінген аумақ - жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға және т.б.) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамалармен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін, өзіне жататын объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
      5. Іргелес жатқан аумақ - тікелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы меншігінде, иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы, пайдалануындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
      6. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, пәтер иелері кооперативтері және басқалар) елді мекен шекарасында жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      7. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар), алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.
      8. Шағын сәулеттік нысандар – көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
      сәндік құрылғылар - мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стелалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
      іске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
      9. Ғимарат – көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдың құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      10. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдың құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
      11. Өту жолдары, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі елді мекеннің құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
      12. Жаяужолдар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүл кестемен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі.
      13. Жолдарды күтіп ұстау – нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
      14. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
      15. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі - қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
      16. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі - ҚТҚ) - тұтынудың ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
      17. Ірі көлемді қалдық (одан әрі - ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
      18. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған ҚТҚ (ІКҚ), өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
      19. ҚТҚ, ІКҚ жинау және шығару - ҚТҚ контейнерлерден арнайы автокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
      20. Уәкілетті орган - тұрғын- коммуналдық шаруашылық оның жолаушылар транспортының және автокөліктік жолдарының саласында құзыры аудан әкімдігімен анықталған Мемлекеттік Мекеме.

3. Елді мекеннің аумағын тазарту

      21. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру, жазғы мерзімде су құю және жуу;
      4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
      6) қысқы мерзімде жол жүру бөлігін механикалық жинау;
      7) механикалық жинау кезінде қарды арту және шетке шығару;
      8) қарлы үйінділерді күтіп ұстау.

3.1. Көшенің өту жолдарын тазарту

      22. Жолдардың өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту; алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ соңғы автобус бағыттарының тұратын-айналу алаңдарын, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде, мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      23. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылады. Өту жолдарының қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
      24. Жолдардың жиектері өсімдіктен, ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға болмайды.

3.2. Жаяужолдарды, аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      25. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүл кестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары коммуналдық кәсіпорындармен жүргізіледі.
      26. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындармен жүргізіледі.
      27. Көшенің жол жағынан гүл кестемен бөлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстары кесіп берілген жермен сәйкес орындалады.
      28. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылады.
      29. Село ішіндегі жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын селолардың санитарлық жинауын жүзеге асыратын кәсіпорындар атқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

3.3. Қысқы кездегі елді мекеннің аумағын тазарту ерекшеліктері

      30. Селоның көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Ережелердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      31. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды ұюге рұқсат етіледі.
      32. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздықтардан тазартылуы керек.
      33. Жаяужолдар мен жолдың жүру жағындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгіленген орындарға шығарылады (қарлы үйінділер).
      34. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерлер:
      бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жағын жолдарда;
      көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
      жаяужолдарда.
      35. Жаяужолдар мен гүл кестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
      36. Қар шығарудың технологиясы екі кезеңнен тұрады:
      бірінші кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын жерлер: жолаушыларды тасымалдау көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяужүргіншілер өтпелерінен, көпірлерден және жол желілерінен, халықтық жаппай баратын орындарынан (ірі сауда кәсіпорындардан, базарлардан, қонақ үйлерінен, сапаржайлардан және т.б.), ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерден.
      37. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы кесіп берілген, дайындалған алаңшаларға (қарлы үйінділерге) жүргізілуі тиіс.
      38. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылып, көркейтілінуі тиіс.
      39. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
      1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздықтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
      2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
      3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек.
      40. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздықтан асфальтқа дейін тазартылуы тиіс, қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс. мұздық пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.
      41. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
      42. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.
      43. Жаяу жүргіншілер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлі учаскені қоршау арқылы, жүргізілуі керек.
      44. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздықтарды тазарту жұмыстары жаяужолдарға түсіру, тек күндізгі уақытта жүргізілуі мүмкін. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсіру аула аумақтарына жүргізілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Шатырлардан түскен қарлар жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрі көшенің жолын тазартушы ұйыммен шығарылуы үшін орналастырылады.
      45. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.

4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      46. Елді мекендердің аумағына тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндірістік қалдықтарды, жәшіктерді, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды шығаруға жол берілмейді.
      47. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға жол берілмейді.
      48. Тоғандарға және сайларға өндіріс кәсіпорындарының тазартылмаған суларын және жеке сектордың төгілетін суларын ағызуға жол берілмейді.
      49. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге жол берілмейді.
      50. Жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға жол берілмейді, сондай-ақ ҚТҚ полигонына қоқыстарды апаратын арнайы автокөліктерге ашық люкпен жол жүруге жол берілмейді
      51. Әр түрлі маңызы бар объектілерді гүл кестелерге, гүлзарларға, жаяужолдарда, балалар алаңшаларына, ғимараттардың аркаларына орналастыруға жол берілмейді.
      52. Жергілікті атқарушы органдары белгілеген жерлерден тыс жерлерде хабарландыруларды, жарқағаздарды, баспа үгіт материалдарын, хабарламаларды және басқа да көзбен шолатын ақпараттарды нысандарын орналастыруға, жапсыруға жол берілмейді.

5. Ауданның елді мекендердегі қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және іске жарату

      53. Көп қабатты үйлер аумағына контейнер орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
      54. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз үй-жайлардан бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.
      55. Контейнерлік алаңшалары бар аумақтарда мына талаптар орындалуы тиіс:
      1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы тиіс;
      2) контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
      3) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз етуге;
      4) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
      5) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайы автокөліктің жұмысына және халықтық пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз етуі керек.
      56. Контейнерлер орнату үшін алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтық дем алатын орындарынан кем дегенде 25 метрдей және 100 метрден аспайтын қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі 2 контейнерлер санынан кем емес орнатуға есептелген. Контейнерлер мен алаңшаның шегіне дейін шақырым 1 метрден кем емес болуы тиіс.
      57. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстары ҚТҚ, ІКҚ шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
      58. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір бірінен 40 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қораптар орнатылады. Жолаушылар көліктері аялдамаларында және сауда объектілеріне кіреберістерде екі қораптан орнатылады.
      59. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілерімен мердігермен жүргізіледі.

6. Тұрғын жай орамдары мен шағын аудандарды абаттандыру

      60. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары: қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
      61. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Сәулет органдарымен, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау және тұрғын-коммуналдық шаруашылық бөлімімен, жолаушылар транспортымен және автокөліктік жолдарымен келісілуі керек.
      62. Тұрғын жай орамдары, аудан аумақтарында, сондай-ақ кесіп берілген жер учаскелері шегінде аумағының аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
      көтермелердің, жаяужолдардың, жүргіншілер жолының, орамішілік кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      аулаішілік аумақтарды құрылыс материалдарымен үйіп тастауға жол бермеуге;
      өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      шағын сәулет нысандарын, спорттың, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.

7. Жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету

      63. Жасыл өсімдіктер жалпы ұлттық игілік, маңызды емдеу факторымен және қаланың әшекейімен болып табылады. Олардың қорғауы мен күтіп ұстауы - әр заңды және жеке тұлғалардың міндеті.
      64. Жасыл өсімдіктердің ағымдағы күтіп ұстауы, сақталынуы мен жаңартуы аумақ тиесілі заңды және жеке тұлғаларға, иелеріне және жер пайдаланушыларға жүктелінеді:
      1) тұрғын шағын аудандарда, тұрғын үйлер алдындағы құрылыстардан бастап жаяужол сызығына дейін көшелерде – пәтер иелері кооперативтері, тұрғын қорының иелері;
      2) Жалпы пайдалану объектілерінде (саябақтар, тынымбақтар, саяжолдар және т.б.) және жаяужол сызығына дейін көше бойынша - жергілікті бюджет есебінен шарттық негізінде жұмысты орындайтын кәсіпорындар;
      3) өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және меншіктің түрлі нысанадағы басқа да объектілер аумағында, сондай-ақ оларға тиесілі аумақта және санитарлық-қорғау аймақта – кәсіпорындарының бастықтары мен осы объектілерінің иелері,
      4) құрылысқа деп кесіп берілген аумақтарда, жұмысты бастаған күннен бастап - талап беруші немесе оның сенімхаты бойынша бас мердігер - құрылыс ұйымы,
      65. Құрылыстың аясына түсіп жатқан жасыл өсімдіктерді алып тастау және қайта салу, жер астындағы коммуникацияларды және инженерлік жүйелерді жіберу жасыл өсімдіктерді жаруына немесе жер астынан алуына рұқсат болған кезде ғана жол беріледі.
      66. Жұмыс жүргізген кезде қажет:
      1) жасыл өсімдіктерді бұзушылықтан қоршауға,
      2) жолдарын, жаяужолдарын, өту жолдарын, алаңшаларды салған кезде 1 метрден кем емес диаметрмен шұңқырды қалтыруға,
      3) жасыл өсімдіктерге күтім көрсету, сонын ішінде:
      қоқыстарды жинау, көгалдарды тырнақшамен жинауға, құрғақ жапырақтарды жинау,
      арамшөптерді жұлу, көгалдарды шабуға, бұталарды қию;
      ағаштардың шұңқыры құралымен жерді қопсыту, ағаштарды ағарту;
      жасыл өсімдіктерге, көгалдарға, гулшараларға су құю;
      ағаштардың жапырағын кесу, құрғақ бұтақтарды, сынық бұтақтарды кесу;
      ағаштарды, бұтақтарды жаңарту (мамандардың консультациясы бойынша);
      ауру және құрғақша ағаштарын алып тастау (комиссияның актісі бойынша);
      бар болатын жасыл қорда ағаштардың және бұтақтардың жөндеу отырғысы;
      жүйелі ауыл шаруашылық зиян келтірушілермен және аурулармен, карантиндік арамшөптермен өз көшімен немесе өсімдіктерді қорғау станцияларымен шарт бойынша күрес жүргізу;
      Көгалдарда, саябақтарда және басқа да жасыл өсімдіктер бар жердерде транспорттық қаражаттың тұрағына жол берілмейді;
      Кесіп берілген учаскілер немесе қиыстыру далаға. Тұрғын құрылыс аумағында, саябақтарда және саяжолдарда жапырақтарды жағуына жол берілмейді.
      67. Жасыл өсімдіктер аумағында мыналарға жол берілмейді:
      1) құрылыс материалдарын, топырақты, ағашты, көмірді және басқа да заттарды жинау;
      2) көгалдар үстінде жүру, ағаштарды, бұтақтарды сындыру мен кесу, басқа да механикалық бұзушылықтарды келтіру;
      3) ағаштардың және бұтақтардың өз еркі бойынша кесуін жүзеге асыру;
      4) көгалдарда және гүлшараларға автотранспортты орналастыру;
      5) жалпы пайдалану жерлерде малды, құстарды бағу, иттерді қыдырту.

8. Елді мекендердің аумағында тазарту жұмыстарын ұйымдастыру, абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар міндеттері

      68. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы қағидалардың сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы, санитарлық және сәулет-құрылысын бақылау, ішкі істермен өз құзырлары шегінде жүргізіледі.
      69. Функционалдық міндеттерге сәйкес қаланың жалпы абаттандырылу жағдайын бақылау, комиссиялық аралау мен тексеріс жүргізу жағдайын реттеумен, мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарын уәкілетті орган жүргізеді.

9. Ережелерді бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      70. Осы Ережелерді бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдың зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады