1992 жылы туған және шақырылу жасынан өткен бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 5 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда N 13-6-108 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 15 маусымдағы N 02.04.05-11/361 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.15 N 02.04.05-11/361 хаты)

      " Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазастан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына,"Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысының 2-бабына сәйкес, 1992 жылы туған және шақырылу жасынан өткен бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды iрiктеу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1992 жылы туған және шақырылу жасынан өткен, бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды тіркеу 2009 жылдың қаңтар- наурыз айларында Малышев көшесі,50 мекенжайында орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінің үй- жайында өткізілсін.
      2. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу өткізу жөніндегі комиссияның дербес құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді кесте бойынша 2 қосымшаға сәйкес жүргізілсін.
      4. Аудандық емхананың бас дәрігері (С.С.Қалиева -келісім бойынша):
      шақыру учаскесін қажетті жабдықтармен, дәрі- дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
      тіркеу комиссиясының мүшелерін, медициналық комиссия жұмысына қатысатын дәрігер- мамандарды және медициналық мейірбикилерді тіркеу өткізу мерзіміне негізгі міндеттерінен босатсын.
      5. Селолық округтер әкімдері:
      шақыру учаскесінде тіркелуге тиіс азаматтардың тізімдерін қорғаныс iстері жөнiндегi бөлiмге ұсынсын.
      жинақтау пунктіне тіркелуші тұлғалардың белгіленген уақытта ұйымшылдықпен жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      6. Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Е.А. Сейітқасымов- келісім бойынша) 1992 жылы туған және шақырылу жасынан өткен, бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2009 жылғы 1 сәуірге дейін ұсынсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                         В. Бубенко

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 қаңтардағы
№ 5 қаулысына 1 қосымша

Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі
қомиссияның дербес құрамы

Сейітқасымов
Ербол Асылбайұлы

- комиссия төрағасы, Есіл ауданы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмінің бастығы

Мүженбаев
Орал Заеденұлы

Комиссия төрағасының орынбасары,
Аудан әкімі аппаратының  азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі  бас маманы

Комиссия мүшелері:


Допира
Татьяна Юрьевна

Есіл аудандық емханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)

Жұмабаев
Ерлан Думанұлы

Есіл ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім  бойынша)

Цыганова
Ольга Николаевна

медициналық бике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 қаңтардағы
№ 5 қаулысына 2-қосымша

Есіл ауданында 2009 жылы шақыру учәскесіне азаматтарды тіркеу комиссиясының жұмыс тізбесі

А/о атауы

саны 9.00 14.00

Ақпан айында комиссияны өту күндері

2-3

4-5

6-9

10-11

12-13

16-17

1

Алматы

3





3


2

Амангелді

5

5






3

Булақ

11




11



4

Бесқұдық

8




8



5

Волошинка

10


10





6

Заградовка

15



15




7

Заречный

7



7




8

Ильинка

16





16


9

Корнеевка

17


17





10

Николаевка

9

9






11

Петровка

18

18






12

Покровка

67





31

36

13

Торанғұл

3


3





14

Явленка

53


14

28

11



15

Ясновка

6


6





16

Спасовка

11

11







Барлығы:

259

43

50

50

30

50

36

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады