2009 жылы Есіл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 ақпанда N 13-6-111 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 2 ақпандағы N 40 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.02.02 N 40 Қаулысымен

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халыкты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1) тармақшасына сейкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету және жұмысқа қабылдау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы Есіл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы саны 11 адам болып белгіленсін.
      2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (Жүсіпов Өтеген Рахымғазыұлы) белгіленген квота туралы үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерді хабардар етсін және квота есебіне бөлінген жұмыс орындарының толықтырылуы мониторингін жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.

      Есіл ауданының әкімі                           В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады