Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2009.11.17 N 287 Қаулысымен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 331 қаулысына байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының селолық округтер әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелермен «Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 405 қаулысына (мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 13-6-71 болып тіркелген, «Есіл таңы» газетінде 2008 жылғы 8 тамыздағы № 32 (111), «Ишим» газетінде 2008 жылғы 23 мамырдағы № 21 (8374) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
негізгі және туынды актінің мәтіні бойынша «бар екендігі туралы анықтама» деген сөздерден кейін «жеке» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
В. Бубенко