Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012.08.29 N 02.04.05-05-11/531 хаты)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес, кадрлық құрылымның өзгеруіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 06 мамырдағы № 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 04 тамыздағы № 184 қаулысымен енгізілген өзгертулермен (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 01 қыркүйекте № 13-6-123 болып тіркелген, 18.09.2009 жылғы № 38 (170) «Есіл таңы», 18.09.2009 жылғы № 39 (8447) «Ишим» газеттерінде жарияланған) «Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 06 мамырдағы № 118 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14.05.2009 жылғы № 13-6-115 болып тіркелген, 05.06.2009 жылғы № 24 (8432) «Ишим» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында «Қабиев Жағыпар Сәткенұлы» сөздері «Шоқыбаева Ақмаржан Нышанқызы» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі В. Бубенко
КЕЛІСІЛГЕН:
Есіл ауданының қорғаныс істері Сүлейменов
жөніндегі бөлімнің бастығы Сағындық Әбдірахманұлы
Орталық аудандық Барабаш
аурухананың бас дәрігері Александр Иванович
міндетін атқарушы