Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2009 жылға тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 5 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 ақпанда N 13-7-102 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2009 жылға қосымша тізбесі берілген қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулыны бақылау Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                      С. Ыбыраев

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
№ 5 қаулысына Қосымша

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2009 жылға қосымша тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.04.14 N 77 Қаулысымен

      1. Дәрігерлік консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбегіне қойылған шектеуі бар тұлғалар.
      2. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан астам).
      3. Оқу мекемелерінің түлектері.
      4. Ұйым санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.
      5. 29 жасқа дейінгі жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады