Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында шақыру учаскесіне тіркеуге алуды жүргізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 3 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қаңтарда N 13-8-95 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02-07-03-04/762 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02-07-03-04/762 хаты)

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының № 148-11 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 8-тармағына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылардың әскери есенбін жүргізу тәртібінің Жоспарын бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысына сәйкес, аудан әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.1992 жылы туған және бұрын тіркеуге алынбаған жасы үлкен азаматтарды тіркеуге алу 2009 жылғы қаңтар, наурызда жүргізілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009.01.27 N 19 Қаулысымен
      2. Шақыру участкесінде тіркеуге алуға резерв құрамымен тіркеуге алу комиссиясы құрылсын:

Комиссиясының төрағасы       Мұсаев Қанатбек Өмірбекұлы
                             Қызылжар ауданының Қорғаныс істері                                    жөніндегі Бөлім бастығы      

Комиссия                     Абдуллаев Алтынбек Тағайбекұлы
төрағасының орынбасары       Қызылжар ауданы әкімінің
                             орынбасары 

Комиссия мүшелері:           Қожанов Жомарт Қайтоллаұлы
                             Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімі
                             бастығының орынбасары
                             Сәдуақасова Кама Ашуқызы
                             Медициналық комиссияның бас дәрiгерi
                             жасөспiрiмдер
                             дәрiгер-терапевтi  
Шақыру комиссиясының         Жасөспірімдер кабинетінің
                             хатшысы медбикесi Любовь Николаевна
                             Мамбетова
      3. Қажет болған жағдайда шақырту жөніндегі комиссияның резервтік құрамынан келесі мамандар пайдаланылсын:
Комиссия төрағасы            Өмірзақ Берік Өмірзақұлы
                             Қызылжар ауданының Қорғаныс істері
                             жөніндегі бөлім бастығының орынбасары   

Комиссия                     Бодуновский Александр Викторович    төрағасының орынбасары       Қызылжар аудандық «Ішкі саясат бөлімі»
                             мемлекеттік мекемесінің бастығы
Комиссия мүшелері:           Бекахметов Жандарбек Сайлауұлы Қызылжар
                             ауданының ішкі істер бөлімі бастығының
                             орынбасары Капенова Маруар Турсуновна
                             Аудандық емхананың бас дәрігерінің
                             орынбасары
Шақыру комиссиясының         Степанова Галина Павловна
                             Аудандық емхананың медбикесі
      4.Селолық округтің әкiмдері азаматтардың шақыру участкесіне уақытында келуін қамтамасыз етсiн.
      5.Азаматтардың медициналық куәландыруын сапалы өткiзу үшін Алмолдин Серік Алмолдаұлы «Қызылжар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне және Бұрмаганов Құрманбек Жұмабекұлы «Қызылжар аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне:
      -«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштірінде және басқада әскери құрылымдардағы әскери дәрігерлік сараптаманың жоспары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысына сәйкес қажетті жабдықтармен қамтамасыз етсін;
      -анықталған сырқат әскерге шақырылушыларға медициналық қызмет көрсету және стационарлық тексеріс үшін қажетті төсек-орын бөлуін қамтамасыз етсін;
      6. «Қызылжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Шайхлесова Ләззат Ережанқызы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыртуды жүргізу үшін шығыс сметасына сәйкес уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      7. «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бұханов Болат Тахтақиұлы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес шақыру участкесінде азаматтарды тіркеуді өткізу кезінде, участкеге азаматтерды тіркеуді материалды-техникалық қамтамасыз ету үшін іс қағаздарын жүргізушілер 4 дана, автобус жүргізушісі 1 дана бірлігімен, жинаушы-1 дана жұмысқа алынсын;
      8. осы мақсаттар үшін Қызылжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бөлген автобус ауданның елді мекендерінең азаматтарды жеткізу үшін пайдалансын.
      9. Шақыру комиссиясы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ғимаратында өткiзiлсiн.
      10. Шақырту учаскесіне азаматтарды тіркеуді жүргізуге берілген қосымша бекітілсін.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Тағайбекұлы Абдуллаевқа жүктелсін.
      12. Осы қаулы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа ензіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                           А. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады