Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 05.04.2013 N 108 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылжар ауданының меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындары, мекемелерінде және басқа да ұйымдарында, мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы, жұмыс орнының жалпы санынан үш пайыздық көлемде бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Ы. Байсыновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкімі Қ. Пшенбаев