Бір жолғы талондардың кұны және бекітілген салықтың ставкалары туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 15/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырда N 13-8-105 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 23.09.2014 N 32/17 шешімімен.
      «Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті телемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36-бабының 1-тармағындағы 2-тармақшаға және 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті телемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 422 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Бекітілсін:
      1.1 Қызылжар ауданы бойынша қызмет көрсетуі біржолғы болатын жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметінің түрлері бойынша бір күнге біржолғы талондардың бағасы, 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      1.2 Қызылжар ауданы бойынша айлық бірлігіне салық салудың тіркелген сомалық салық мөлшерлемелері, 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдері күші жойылған болып танылсын: «Біржолғы талондар ставкасы және төленімдердің жеке түрлері бойынша ставкалар туралы» 2005 жылғы 15 шілдедегі № 19/5 шешімі (2005 жылғы 17 тамыздағы тіркелу № 13-8-7, № 37 2005 жылғы 2 қыркүйектегі «Маяк» газеті), «Біржолғы талондар ставкасы және төленімдердің жеке түрлері бойынша ставкалар туралы» аудандық мәслихатың 2006 жылғы 06 сәуірдегі № 19/5 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 06 сәуірдегі № 24/11 шешімі (2006 жылғы 3 мамырдағы тіркелу нөмері 13-8-24, 2006 жылғы 12 мамырдағы № 12 «Маяк» газеті), 2007 жылғы 24 мамырдағы № 35/3 шешімі (2007 жылғы 28 маусымдағы тіркелу нөмері 13-8-38, 2007 жылғы 06 шілдедегі № 30 «Қызылжар және қызылжарлықтар» газеті, 2007 жылғы 06 шілдедегі № 30 «Маяк» газеті), 2008 жылғы 28 шілдедегі № 10/8 шешімі (2008 жылғы 2 қыркүйектегі тіркелу нөмері 13-8-92, 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 37 «Қызылжар және қызылжарлықтар» газеті, 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 37 «Маяк» газеті).
      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген кезден күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы

Е. Ғабдулин
А. Молдахметова


Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 27 сәуірдегі
№ 15/6 шешіміне 1 қосымша

Қызылжар ауданы бойынша қызмет көрсетуі біржолғы болатын жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметінің түрлері бойынша бір күнге біржолғы талондардың бағасы
 


Кәсіпкерлік қызметтің түрі

Біржолғы талондардың бағасы, теңгеде

1.

Газет пен журналдарды қолдан сату

51,0

2.

Тұқымдар, сондай-ақ отырғызу материалдарын сату
(көшеттер), стационарлық нүктелерден басқасы

38,0

3.

Бақша дақылдарын сату

242,0

4.

Үй маңындағы және жеке учаскелерде өсірілген гүлдерді сату

64,0

5.

Қосалқы ауыл шаруашылық, бау-бақша, саяжай өнімдерін сату
қолдан
сөрелерден
автокөліктерден

 
38,0
178,0
242,0

6.

Құстар мен жануарларға арналған азықты сату

280,0

7.

Сыпырғылар сату

115,0

8.

Сыпырғылар сату

115,0

9.

Бал сату

382,0

10.

Орман жидектерін сату

89,0

11.

Саңырауқұлақ сату

115,0

12.

Балық сату

127,0

13.

Жер телімдерін өңдеу бойынша жеке тракторы бар иелердің қызмет көрсетуі

420,0

14.

Үй құсы мен малын бағу, бір басы үшін:
ірі қара мал
жылқылар
қойлар

 
0,90
1,40
0,38

   


Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 27 сәуірдегі
№ 15/6 шешіміне 2 қосымша

Қызылжар ауданы бойынша айлық бірлігіне салық салудың тіркелген сомалық салық мөлшерлемелері
 


Кәсіпкерлік қызметінің түрі

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің көлемі (айлық есептеу көрсеткішімен алғанда)

1.

Бильярд, әрбір үстеліне

3

2.

Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін ақшалай ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Бір ойыншыдан артық ойыншылар қатысуымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

4.

Ойын жүргізуге арналған персоналдық компьютер

1

5.

Ойын жолы

5

6.

Карт

2

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады