Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2010.02.25 N 4 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабына, «Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және оларды қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Келесі санаттағы азаматтарға тіс протездеуге әлеуметтік көмек (одан әрі әлеуметтік көмек):
Ұлы Отан соғысы қатысушыларына;
Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне;
жеңілдіктері және кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
жеңілдіктері және кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға көрсетілсін.
2. Әлеуметтік көмек анықталсын:
тіс протездеу бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлопластика, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) тағайындалады;
осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тіс протездеуге мұқтаж Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға ұсынылады.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Ы. Байсыновқа жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкімі Қ. Пшенбаев