Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 34 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 сәуірде N 13-9-89. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы N 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 17.02.2014 N 40 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы" заңының 31-бабы 1-тармағына 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және көрсетілетін жеңілдіктер туралы" заңының 20-бабына және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 207 "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек ай сайын ақшалай жергілікті бюджет есебінен көрсетіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е.Қалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Аудан әкімі А. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады