Мағжан Жұмабаев ауданында жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 208 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 шілдеде N 13-9-97 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 7 шілдедегі N 344 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2010.07.07 N 344 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 2008 жылы 4 желтоқсандағы 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы, 13, 14 тармақшаларына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29-бабы 6-тармағы, 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Ұлы Отан соғысына қатысқандар, соғыс мүгедектері және осы санатқа теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабын, аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-2 «2009 жылға арналған Мағжан Жұмабаев ауданы бюджеті туралы» шешімін іске асыру мақсатында (2009 жылы 27 қаңтардағы № 13-9-85 мемлекеттік тізімінде тіркелген және аудандық «Вести» газетінде 2009 жылы 27 наурызда арнайы басылымда жарияланған) Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» және «Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер бекітілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының жауынгерлері мен мүгедектеріне 400 теңге көлемінде моншаға және шаштараз қызметтері үшін ай сайын әлеуметтік көмек төлеу;
      2) туберкулез ауруымен ауыратын емханалық емдеудегі азаматтарға 600 теңге көлемінде қосымша тамақтануға ай сайын әлеуметтік көмек;
      3) лицензиясы бар медициналық қызмет атқаратын мекемемен, тіс салдыру құнының мөлшерінде, Ұлы Отан соғысының жауынгерлері мен соғыс мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген (тұлғаларға тіс салуға әлеуметтік көмек құнды және темир-керамика протездерден басқа);
      4) Санаторлық-курорттық емделу бойынша әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына беріледі: соғыс ардагерлері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға, олардың жесірлеріне, қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет еткен азаматтарға;
      5) сәйкес жылға арналған республикалық бюджет туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте 6,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларға;
      2. Не анықталады:
      1) Ұлы Отан соғысының жауынгерлері мен соғыс мүгедектеріне монша және шаштараз қызметі шығындарын төлеу, өтініш берілген күннен бастап төленеді және өмірден өтуі немесе Мағжан Жұмабаев ауданы аймағынан шығып кетуіне байланысты ай-сайынғы әлеуметтік төлемақы тоқтатылады. Төлем ақы осы жағдайлар болған айға дейін төленіп, кейіннен тоқтатылады;
      2) үйде оқып-тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек аудандық білім бөлімі жанындағы ведомствоаралық психо-медико-педагогикалық кеңес комиссиясы берген мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) туралы қорытынды негізінде тағайындалады;
      3) әлеуметтік төлемдер уәкілетті орган ұсынған тізім негізінде, әлеуметтік көмек алушылардың жеке есеп-шотына, жергілікті бюджет есебінен, екінші деңгейдегі банкке аудару немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сәйкес банктік операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдары арқылы жүргізіледі.
      3. Қоса берілген азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
      5. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің келесі қаулылары күшін жойды деп танылсын:
      1) 2007 жылғы 29 тамыздағы № 306 «Жеке санаттағы азаматтарға санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдерді беру туралы», (2007 жылы 2 қазанда № 13-9-53 мемлекеттік тізімде тіркелген, 2007 жылы 16 қарашада № 46 аудандық «Вести» газетінде жарияланды);
      2) 2006 жылғы 18 ақпандағы № 68 «Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбастарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (2006 жылы 23 наурызда № 13-9-21 мемлекеттік тізімде тіркелген, 2006 жылы 21 сәуірде № 16 аудандық «Вести» газетінде жарияланды.);
      3) 2005 жылғы 10 наурыздағы № 92 «Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен соғыс мүгедектеріне жеке түрдегі әлеуметтік жеңілдіктерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы» (2005 жылы 24 наурызда № 1538 мемлекеттік тізімде тіркелген, 2005 жылы 20 мамырда № 20 аудандық «Вести» газетінде жарияланды);
      4) 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 127 «Аз қамтылған отбасы студентеріне әлеуметтік қолдау көрсету Ережелерін бекіту туралы» (2006 жылы 23 мамырда № 13-9-5 мемлекеттік тізімде тіркелген, 2005 жылы 19 тамызда № 33 аудандық «Вести» газетінде жарияланды);
      5) 2007 жылғы 29 тамыздағы № 305 «2005 жылғы 10 наурыздағы аудан әкімдігінің қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы № 90 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (2007 жылы 2 қазанда № 13-9-52 мемлекеттік тізімде тіркелген, 2007 жылы 16 қарашада № 46 аудандық «Вести» газетінде жарияланды);
      6) 2005 жылғы 10 наурыздағы № 90 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек беру Ережелерін бекіту бойынша» (2005 жылы № 1555 мемлекеттік тізімде тіркелген, 2005 жылы 13 мамырда № 19 аудандық «Вести» газетінде жарияланды).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Мағжан Жұмабаев аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                А.Сапаров

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 22 маусымдағы № 208
«Мағжан Жұмабаев ауданында
жеке санаттағы азаматтарға
әлеуметтік көмек көрсету
туралы» қаулысына қосымша

Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін
қажетті құжаттар тізбесі

      1.Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін келесі құжаттар міндетті болып саналады:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш білдірген азаматтың өтініші;
      2) өтініш білдірушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) мекен-жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      4) өтініш беруші үшін, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып саналатын және мәртебесін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      2. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне ай сайын монша мен шаштараз қызметтеріне әлеуметтік көмек тағайындау үшін келесі құжаттар қажет:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен соғыс мүгедектігін айғақтайтын куәліктерінің көшірмесі;
      3. Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек-балаларға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау үшін:
      1) тууы туралы куәліктің көшірмесі;
      2) мүгедектігі туралы медициналық-әлеуметтік сұраптама анықтамасының көшірмесі;
      3) психолого-медицина-педагогикалық кеңестің, үйде оқуға қажеттілігі туралы берілген анықтамасы;
      4) оқу орнынан берілген, үйде оқитындығын растайтын анықтама (тоқсан сайын тапсырылады);
      4. Ұлы Отан соғысына қатысқандар, соғыс мүгедектері және осы санатқа теңестірілгендерге, санаторлық-курорттық емделуге және тіс салдыруға біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау үшін:
      1) көрсетілген мәртебелерінің барлығын растайтын құжаттардың көшірмелері.
      5. Туберкулез ауруына шалдыққандарға қосымша тамақтануды тағайындау үшін:
      1) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      2) емдеу орнынан, науқас адамның емханалық емделуі жөніндегі анықтамасы.
      6. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі ұсынылады.
      Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады, құжат көшірмесі куәлендіріліп іс-қағаздары құрастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады