Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы "Мағжан Жұмабаев ауданында ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 299 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қазанда N 13-9-104 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 7 шілдедегі N 344 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2010.07.07 N 344 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 33 «Мағжан Жұмабаев ауданында ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 2009 жылғы 3 сәуір № 13-9-88 тіркелді, «Мағжан Жұлдызы» газетінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 20 және «Вести» газетінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 20 санында жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған аудан әкімдігі қаулысының «Қоғамдық жұмыс түрлері бойынша жұмыс түрлері, төлемақы мөлшері, мекеме мен ұйым тізімдері» қосымшасында:
      1) 1 тармақта:
      «Жұмыс орындары» тарауында «71» саны «74» санымен өзгертілсін;
      «Қоғамдық жұмыс түрлері» тарауында «оның ішінде күл-қоқысты жинау жұмыстарын ұйымдастыру» сөздері «қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени бағыттағы маңызды нысандарды, сонымен қатар аудан әкімінің коммуналдық меншігінде тұрған бос ғимараттарды күзетуге құқық қорғау органдарына жәрдемдесу топтарына қатысу» сөздерімен толықтырылсын;
      «Разряд (санат)» тарауында «G 14» санымен толықтырылсын;
      «Коэффициент» тарауында «1,43» санымен толықтырылсын
      2) 26 тармақта:
      «Жұмыс орындары» тарауында «2» саны «3» санымен өзгертілсін;
      «Қоғамдық жұмыс түрлері» тарауында «18 жасқа дейінгі балалары бар» сөздері «қарт адамдарды күту» сөздерімен толықтырылсын;
      «Разряд (санат)» тарауында «G 13» санымен толықтырылсын;
      «Коэффициент» тарауында «1,68» санымен толықтырылсын
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған мерзімнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады