Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық әкімдігінің 15.01.2013 N 09 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 316 «Ресей Федерациясы Жол қатынастары министрлігі Оңтүстік Орал темір жолы» федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорынның «Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорны жылытатын Булаев қаласының тұрғын үйлерін жылыту үшін жылу энергиясын пайдалану нормасын бекіту» туралы қаулысына (Мемлекеттік нормалы құқықтық актілерді тіркеу тізбесінде 2006 жылғы 17 қарашада № 13-9-37 нөмірмен тіркелген, «Вести» газетінің 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 3 нөмірінде басылған):
жоғарыда аталған қаулының кіріспе бөлімінде «Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының хаты» сөздері жойылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Сапаров