Жер салығының ставкалары туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 20-7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қаңтарда N 13-9-111 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 18-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 18.04.2018 № 18-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 16.03.2016 N 48-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.

      Осы тармақтың ережесі Кодекстің 386-бабында белгіленген жер учаскелеріне таратылмайды.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 378, 444-баптарында белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері сәйкесінше он есе жоғарылатылсын:

      1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі;

      2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 16.03.2016 N 48-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Штах
      Мәслихат хатшысы В. Гюнтнер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады