Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2011.10.14 N 129 хаты)
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-III Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Мамлют ауданының селолық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек аудандық бюджет қаражатынан 2009 жылға бір мың теңге сомасында келесі құжат түрлері негізінде берілсін.
1) өтініш;
2) жеке куәлігінің көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) жұмыс орнынан анықтама;
5) СТН көшірмесі.
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрайымы хатшысы
Э. Камалетдинова А.Нұртаев