Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 02.04.2013 N 76 қаулысымен
2001 жылы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарына жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.В.Циммерманға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкімі Б. Жұмабеков