2009 жылы Тимирязев ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 73 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 мамырда N 13-12-90 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы N 257 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.10.14 N 257 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына 1 тармағына 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы Заңының 20 бабына 5 тармағына 2) тармақшасы7 бабына 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері (тізбе- одан әрі мәтін бойынша) бойынша ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемдері, және еңбекақы мөлшері бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарды өткізуде аудан бюджетінде қаралған қаражаттың шегінде «Тимирязев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген тізбеге сәйкес қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды жіберуі жүзеге асырылсын.
      3. Тізбеге енгізілген ұйымдарға көлемдері және түрлері бойынша бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту қамтамасыз етілсін.
      4. Бюджеттік бағдарлама 451-002-100 «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыс» бойынша «Тимирязев ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбекақысына бөлінген қаражаттан уақытылы төлеуін қамтамасыз етілсін.
      5. Осы қаулының орындалу бақылауын аудан әкімінің орынбасары И.В.Циммерманға жүктелсін.
      6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі            Б. Жұмабеков

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 13 сәуірдегі № 73
қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша еңбекақы мөлшері және көлемі, түрі, ұйымдардың тізбесі

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орны

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Разря-ды

Коэффи-
циенті

«Тимирязев ауданы селолық округ  әкімдері-
нің аппаратта-ры» мемлекет-
тік мекемелер

247
адам


 
 
 
 
 
 
 
 

1. Ағымдағы жолдарды жөндеу (ойлармен шұңқырларды жабу,  кірме жолдарды жөндеу, жол жиектерін қоқымнан тазалау, орман алқабы және тағы басқалар).
2. Суландыру жұмыстарын, сонымен қатар көктемгі-күзгі су тасқынына байланысты жұмыстар жүргізу.
3. Құрылыста, тұрғын үйлерді қайта жаңарту және күрделі жөндеуде қатысу. Мәдениет және әлеуметтік саладағы объектілерде құрылыс жұмыстарын орындау және жөндеу, қысқа дайындық кезінде көмек көрсету (аурухана, акушер-фельдшер пунктері) және коммуналдық меншіктегі білім, селолық округ әкімдерінің аппараттарының және басқа бюджеттік ұйымдардың жалға алынған үйлері, осы мақсатта жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбесе немесе қажетті күйде объектілерді қолдауға жеткіліксіз болған жағдайда.
4. Елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және көркейту (оның ішінде аумақтарда қоқымдарды  жинау,  жусандарды кесу, қардан тазарту, ағаш отырғызу, гүл отырғызатын алаңдарды бөлу), орман бағы шаруашылығын дамыту және сақтау, кезбе мал-хайуандарды ұстау және басқалар).
5. Спорттық шаралар дайындығына қатысу, оның ішінде құрылыста қосалқы жұмыстарды орындау және мұзды қалашықты және спорттық құрылысты жөндеу.
6. Республикалық және аймақтық қоғамдық кампанияларды жүргізуге қатысу (көпшілік пікірлерін сұрау,  халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша статистикалық зерттеу, халық санағы).
7. Аз қамтылған тұрғындарға, жалғыз  тұратын қарттарға және  жаңа келген оралмандарға отын-көмір түсіруге және әкелуге көмектесу, отын дайындау, сонымен қатар коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарға және аудандағы мәдени-әлеуметтік саладағы объектілерге.
8. Шаруашылық кітабын құрастыруға және үй  шаруашылығының санағына  көмектесу.
9. Маңызды әлеуметтік мәдени саладағы объектілерді, сонымен қатар коммуналдық меншіктегі бос үйлерді, ғимараттарды қорғау.
10. Селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіп сақтау үшін құқық қорғау органдарына жәрдемдесуге отрядтарға қатысу.
11. Қоқыс тастайтын жерлерді зираттарды жинау, соның ішінде қалдықтарды жинауды ұйымдастыру.
12. Оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша тапсырманы орындау.
13. Мемлекеттік тілде іс жүргізуге көмек көрсету.
14. Құжаттамаларды сақтауға даярлық және өңдеу жұмыстарына көмек көрсету.

III-IV





III-IV



III-IV
















III








III-IV





G-14






I









G-14


I-II




G-14




III



G-14


G-13


G-14

1,59-1,70





1,59-1,70



1,59-1,70
















1,59








1,59-1,70





1,43






1,39









1,43


1,39-1,49




1,43




1,59



1,43


1,68


1.43

Мемлекет-
тік мекеме «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарла-
малар бөлімі»

1
 
 

1
 
 

1

Мемлекеттік тілде іс жүргізуге көмек көрсету.
Құжаттамаларды сақтауға даярлық және өңдеу жұмыстарына көмек көрсету.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинауға және жұмыспен қамту сұрақтары бойынша көмек көрсету.

G-13


G-14


G-13

1,68 


1,43


1,68

Қорытынды:

250




Ескерту:
      1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының 2,3 қосымшасына сәйкес жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуына еңбекақы төлеу.
      2. Белгіленген 4,9,11 пунктегі жұмыстар ұйымдардың штат кестесінде тиісті бірлік қатыспаған жағдайда және осы мақсатта жергілікті бюджетте қаржы қаралмаса қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады