Аудан аймағында 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 42 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 мамырда N 13-13-102 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02.12.06-09/233 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02.12.06-09/233 хаты)

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 13-тармақтарына21-бабының 1-тармағына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусым және қазан– желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуіріндегі № 779 Жарлығына сәйкес, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 30 маусымдағы № 623 Қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ Қазақстан Республикасының әскерге шақырылатын жылы 18 жасына толатын ер азаматтарға, сондай–ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзімді әскери шақырылуы ұйымдастырылсын. Әскери қызметіне шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары әскери бөлімдеріне 18 жасқа толғаннан кейін жіберілуі ұйымдастырылсын;
      2. Әскери шақырушыларды және әскери оқу орындарға түсетіндерге медикалық комиссиясын өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы төменде жазылған мүшеден құрылсын:

Омаров Қанат               - шақыру комиссиясының төрағасы
Жаңабайұлы                 Уәлиханов ауданының қорғаныс істері
                           жөніндегі бөлімінің бастығы

Ахметова Бағдагүл          - шақыру комиссиясының төрағасының
Рамазанқызы                орынбасары, Уәлиханов ауданы әкімінің
                           орынбасары

Комиссия мүшелері:

Сыздыков Шоқан
Сапарханұлы                - ауданның ішкі істер бөлім бастығының
                           орынбасары

Хасенова Алма
Ешімқызы                   - аудандық орталық ауруханасының дәрігері
                           медикалық комиссиясының төрағасы

Ташкина Зауреш             - шақыру комиссиясының хатшысы
Айтмағанбетқызы            аудандық орталық ауруханасының медбикесі

      3. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекшілік үшін техникалық жарамды автокөлік бөлінсін;
      4. Әскерге шақыру пунктіндегі жұмысқа қатынасу үшін қажетті техникалық жұмыскерлердің қажетті саны бөлінсін;
      5. Ауылдық және селолық округтерінің әкімдері азаматтардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытында келуіне, оларды мерзімді әскери қызметке жөнелтуін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімде қамтамасыз етілсін;
      6. Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері (Иманов Т.Т.) мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде:
      1) дәрігер мамандар және кіші медперсоналды медициналық куәләндіру өткізу үшін қамтамасыз етсін;
      2) дәрігерлік комиссия өтетін уақытта флюорография қондырғысы жұмысқа қамтамасыз етілсін;
      3) шақыру комиссиясы құжаттары бойынша жіберген азаматтарға дәрігерлік куәләндіру үшін ауруханада орын белгіленсін.
      7. Ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы (Жомартов И.Қ.):
      1) азаматтарды шақыруын өткізетін мерзімде ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен өзара келісім бойынша шақыру пунктінде тәртіп сақталуын ұйымдастырсын;
      2) шақыру пунктінде азаматтардың келуіне бақылау жасалсын;
      3) жиналатын орынға және облыстық жиналатын пунктте әскерге шақырылған командаларды жіберетін кезде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен келісілген жасақшы бөлінуі тапсырылсын;
      4) мерзімді әскери қызметтен бас тартқан шақырушыларды іздеп және шақыру пунктіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
      8. Ауданының қаржы бөлімінің бастығы (Көрпебаева К.Б.) әскерге шақыруды 2009 жылғы аудандық бюджетте көзделген көлемде қаржыландыру қамтамасыз етсін.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
      10. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                   Е. Уәхитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады