Заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 17 тамыздағы N 131 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 қыркүйекте N 13-13-110 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 16 қыркүйекте N 170 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігінің 2009.09.16 N 170 Қаулысымен

      «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы № 1128-XII Заңының 6-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес және заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топтардың есептік тіркеуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі уәкілетті орган болып «Уәлиханов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      2. Тіркеу органында есептік тіркеуге жататын шағын діни топтар – ол заңды тұлға белгісі жоқ жергілікті діни топтар және заңды тұлғасы бар Қазақстан Республикасы діни бірлестіктері біреуінің құрылымындағы топтар болып табылады.
      3. Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтар тіркейтін органымен есеп журналына шағын діни топ туралы мәліметті енгізілу арқылы есептік тіркеуден өткеннен кейін діни қызметтерін жүзеге асыру құқығына ие болады.
      4. Шағын діни топты есептік тіркеу үшін діни топтың басшысы немесе уәкілетті тұлға тіркейтін органға келесі құжаттарды ұсынады:
      1) 1-қосымшаға сәйкес есепке тұру туралы өтініш;
      2) тіркеліп жатқан шағын діни топ кіретін заңды тұлға белгісі бар діни бірлестік жарғысының көшірмесін;
      5 Есептік тіркеу шағын діни топтар туралы мәліметтерді 2-қосымшаға сәйкес қатаң есептегі арнайы журналға енгізілу арқылы жүзеге асырылады.
      6 Есептік тіркеу құжаттарды тапсырған күнінен бастап 15 күннен асырмай мерзім ішінде жүзеге асырылады.
      7. Тіркейтін орган шағын діни топ туралы мәліметті журналға енгізген соң діни топтың басшысына немесе уәкілетті тұлғаға есептік тіркеуден өткені туралы белгіленген түрдегі 3-қосымшаға сәйкес анықтама береді.
      8. Шағын діни топ уәкілетті органның есептік тіркеуінен өз қызметін тоқтатқан кезде немесе діни бірлестік ретінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді өткен жағдайда, діни бірлестіктің филиалы мен өкілдігінің есептік тіркеуге тұрғанда шығарылады.
      9. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б. Ахметоваға жүктелсін.
      10. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Уәхитов

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 17 тамыздағы
№ 131 қаулысына 1-қосымша
__________________________
(өтінішті тіркейтін органның
__________________________
атауы және мекен-жайы)

Заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топты есептік тіркеуге қою туралы Өтініш

___________________________________________________________________
(топ басшысының тегі, аты-жөні)

___________________________________________________________________
(діни топтың атауы және діни ұстанымы)

____________________________________________________________________
(кәмелет жасына жеткен мүшелерінің саны)

____________________________________________________________________
(діни топтың мекен-жайы және ғибадат ғимаратының болуы)

____________________________________________________________________
(өз қызметін жүзеге асыратын аумағы)

Қолы
күні

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 17 тамыздағы
№ 131 қаулысына 2-қосымша

Заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топтарды тіркеу журналы

№ р/с

Тіркеу
нөмірі
және тіркеу
мерзімі

Діни
топтың
атауы

Діни топтың дін
ұстанымы және
қандай діни орта
лыққа жататыны

Діни
топтың
мекен-
жайы

Діни
топтың
қызмет
ететін
аумағы

1

2

3

4

5

6

Ғибадат
(дұға
оқулық)
ғимарат
тың
болуы

Басшының немесе
топты, оның
мекен-жайын,
телефон нөмірін
ұсынатын уәкілет
ті тұлғаның
тегі, аты-жөні, әкесінің аты

Тіркеу анықта
масын толтыр
ған адамның
тегі, аты-
жөні

Тіркеу
анықта
масын
алған
тұлға
ның
тегі,
аты-
жөні,
қолы

Топта
ғы кә
мелет жасына толған азамат
тардың саны

Шағын діни топтың есептен шығары
луы туралы мәлімет

7

8

9

10

11

12

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 17 тамыздағы
№ 131 қаулысына 3-қосымша
_______________________________________
(өтінішті тіркеген органның атауы)

Заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топты есептік тіркеуге қою туралы
№ _________ анықтама

200__ жылғы «____» ____________ берілді
Діни топтың атауы_______________________________________________
________________________________________________________________
Топты тіркеген органның басшысы                           қолы
                                                              Мөр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады