Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2010.04.07 N 97 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабы 5-тармағы 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері (бұдан әрі-тізбе) бойынша ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемдері және еңбекақы мөлшері бекітілсін.
2. «Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды өткізуге аудан бюджетінде қаралған қаражаттың шегінде бекітілген тізбеге сәйкес қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтардың жіберуін жүзеге асырсын.
3. Тізбеге енгізілген ұйымдар көлемдері және түрлері бойынша бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға тартылуын қамтамасыз етсін.
4. «Уәлиханов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 451-002-100-149 «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыс» бюджеттік бағдарлама бойынша қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбекақысына бөлінген қаражаттың уақытылы төлеуін қамтамасыз етсін.
5. Мыналардың күші жойылсын деп танылсын:
1) «Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 90 қаулысы (2007 жылғы 28 мамырында мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-13-50 тіркелді, 2007 жылғы 09 маусымда № 24 «Шұғыла» газетінде жарияланды);
2) «Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 48 қаулысы (2009 жылғы 05 мамырда мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-13-101 тіркелді, 2009 жылғы 18 мамырда № 20 «Шұғыла» газетінде жарияланды).
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған мерзімнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Уәхитов
«Бекітілген»
аудан әкімдігінің
2009 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 215 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыс түрлері, еңбекақы төлеу мөлшері, көлемі және мекемелер мен ұйымдардың тізімі
№ |
Жұмыс түрлерінің |
Кәсіпорын |
Жұ |
Уақыт |
Тарифтік |
1 |
Аудандық елді мекендер |
Селолық |
5 |
Жыл |
1,49 |
2 |
Жол құрылысы және |
Селолық |
8 |
Жыл |
1,59 |
3 |
Суландыру жұмыстарын, |
Селолық |
5 |
Нау |
1,59 |
4 |
Құрылысқа, қайта құруын |
Селолық |
10 |
Жыл |
1,59–1,70 |
5 |
Тарихи–архитектуралық |
Селолық |
2 |
Жыл |
1,59 |
6 |
Аймақты экологиялық |
Селолық |
50 |
Жыл |
1,59 |
7 |
Мемлекеттік мерекелерге |
Селолық |
10 |
Жыл |
1,59 |
8 |
Тұрақты тұрғылықты |
Селолық |
1 |
Жыл |
1,43 |
9 |
Республикалық және |
Селолық |
6 |
Жыл |
1,43 |
10 |
Тұрғындардың аз |
Селолық |
10 |
Жыл |
1,49 |
11 |
Үй шаруашылығы санағына |
Селолық |
7 |
Жыл |
1,43 |
12 |
Маңызды әлеуметтік– |
Селолық |
4 |
Жыл |
1,49 |
13 |
Шалғайдағы елді |
Селолық |
3 |
Жыл |
1,43 |
14 |
Селолық елді мекендерде |
Селолық |
15 |
Жыл |
1,43 |
15 |
Балалар-жасөспірімдер |
Селолық |
5 |
Жыл |
1,68 |
16 |
Саябақтар мен |
Селолық |
7 |
Жыл |
1,49 |
17 |
Зираттарды абаттандыру, |
Селолық |
3 |
Жыл |
1,59 |
18 |
Бюджеттік ұйымдар мен |
Селолық |
3 |
Жыл |
1,49 |
19 |
Сырқат жалғыз басты |
Селолық |
3 |
Жыл |
1,43 |
20 |
Иесіз қалған |
Селолық |
2 |
Жыл |
1,59 |
21 |
Оралмандарды қабылдау |
Селолық |
Жыл |
1,43 |
|
22 |
Іс қағаздарын |
Селолық |
2 |
Жыл |
1,43 |
23 |
Құжаттарды баптауға |
Селолық |
2 |
Жыл |
1,43 |
24 |
Қамту сұрақтар бойынша |
Селолық |
2 |
Жыл |
1,43 |
25 |
Аз қамтамасыз |
Селолық |
12 |
Жыл |
1,39 |
26 |
Тұрғындарға жедел |
Селолық |
30 |
Жыл |
1,39 |
27 |
Ауданның Мәдениет үйі |
Селолық |
2 |
Жыл |
1,39 |