Уәлиханов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуді өтпеген, 1993 жылғы және үлкен жасты азаматтардың тіркеуін өткізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 221 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда N 13-13-116 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02.12.06-09/233 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02.12.06-09/233 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту жөнінде» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының 2-бөліміне сәйкес, әскерге дейінгі шақырылатындарды Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне уақыты және сапалы тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1993 жылы туған ер азаматтарды және шақырылу жасынан өткен, бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Тоқпанов қиылысы, 13 мекен жайында орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінің үй-жайында өткізілсін.
      2. № 1 қосымшаға сәйкес шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін.
      3. № 2 қосымшаға сәйкес шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс тәртібі бекітілсін.
      4. Тіркеу комиссиясының мүшелері комиссиядағы міндеттерін орындаған кезде оның жұмыс орны, лауазымы және еңбекақысының  сақталуы белгіленсін.
      5. Ауылдық, селолық округтерінің әкімдері:
      1) шақыру учаскесінде тіркелуге тиіс 1993 жылы туған азаматтардың тізімдерін Қорғаныс iстері жөнiндегi бөлiмге ұсынсын.
      2) жинақтау пунктіне тіркелуші азаматтардың белгіленген уақытта ұйымшылдықпен жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      6. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Уәлиханов аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (Т.Т. Иманов) (келісім бойынша):
      1) шақыру учаскесін қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
      2) «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының мәлімдемесі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды дәрігерлік куәландіру үшін дәрігерлер мамандарды мен ортаңғы медициналық персоналды атап берсін;
      3) тіркеу комиссиясының мүшелерін, медициналық комиссия жұмысына қатысатын дәрігер-мамандарды және ортаңғы медициналық персоналды тіркеу өткізу мерзіміне негізгі міндеттерінен босатсын.
      4) 1993 жылы туған азаматтарды емдеу - алдын алу мекемелерінде стационарлық тексеру үшін 10 төсек-орыннан бөлінсін;
      5) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін 1993 жылы туған азаматтардын барлығына амбулаторлық, диспансерлік, Ф № 025/у және Ф № 025-1/у карталары «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
      7. «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Қ. Ж. Омаровқа) (келісім бойынша):
      1) 1993 жылғы және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеу кестесі жасалсын және округ әкімдеріне жеткізілсін.
      2)1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу қорытындысы туралы ақпаратты 2010 жылғы 10 сәуірге дейін аудан әкіміне ұсынсын.
      8. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (И.К. Жомартов) (келісім бойынша) шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеу кезінде:
      1) «Уәлиханов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының өтінімі бойынша есепке тұрудан бас тартатын, тұлғаларды іздеу және ұстауды жүзеге асырсын;
      2) Құқық тәртібін бұзбауын қамтамасыз ету үшін, әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу кезеңінде полиция қызметкері берілсін;
      3) Шақыру учаскесіне дейін учаскелік инспекторларымен, полиция инспекторларымен әскерге шақырушыларды шығарып салуын ұйымдастырсын.
      9. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (К.Б.Көрпебаеваға) тіркеу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландырылуын жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаржы есебінен қамтамасыз етсін.
      10. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары: әскерге шақыруға дейінгі әскери есепке қойылуына байланысты міндеттерін орындауға қажетті уақытқа тіркеуден өтетін азаматтардың келуін, жұмыстан, оқудан босатылуын қамтамасыз етсін.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
      12. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуінен бастап және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші рет ресми жарияланғаннан кейінгі күннен он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Уәхитов

      Келісілді:
      Аудандық аурухананың
      бас дәрігері                               Т. Иманов
      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          И. Жомартов
      Ауданның қаржы
      бөлімінің бастығы                          Қ. Көрпебаева
      Уәлиханов ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы         Қ. Омаров

Бекітемін
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2009 ж. 8 желтоқсандағы
№ 221 қаулысымен
№ 1-қосымша

Азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ

      Омаров                 - комиссия төрағасы, Уәлиханов ауданының
      Қанат Жанабайұлы       Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
                             бастығы,

      Ахметова               - комиссия төрағасының орынбасары,аудан
      Бағдагүл Рамазанқызы   әкімінің орынбасары

      Комиссия мүшелері:

      Сыздыков               - ауданның ішкі істер бөлімі бастығының
      Шоқан Сапарханұлы      орынбасары

      Хасенова               - алғашқы медико-санитарлық көмектің
      Алма Ешімқызы          аудандық емхана бас дәрігерінің
                             орынбасары

      Сейтуарова             - шақыру комиссиясының хатшысы,
      Гүлмира Болатбекқызы   функционалдық диагностика кабинетінің
                             медбикесі

Бекітемін
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2009 ж. 8 желтоқсандағы
№ 221 қаулысымен № 2-қосымша

Азаматтардың тіркеуін жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс тәртібі

      1. Азаматтардың тіркеуін жүргізу жөніндегі аудандық комиссия  «Әскери міндеті мен әскери қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілеріне сәйкес өз қызметін жүзеге асыруда.
      2. Комиссия отырыстары «Уәлиханов ауданының қорғаныс істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында азаматтардың тіркеуін жүргізу кезеңінде дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 14.00 ден 17.00 дейін өткізіледі.
      3. Комиссия төрағасы:
      1) әр жұмыс күнінің басында медициналық куаландырудың қорытындысы жөніндегі медициналық комиссия төрағасының баяндамасын қабылдайды;
      2) комиссия отырыстарында төраға етуші;
      3) әр жұмыс күнінің аяғында комиссия хаттамалар кітабында дұрыс жазылуын тексеріп және хаттамаға қол қояды.
      4) комиссия қызметін бақылауын жүзеге асыруда.
      4. комиссия мүшелері:
      1) комиссия отырыстарына қатысады;
      2) әскерге шақырушылардың құжаттарымен танысады;
      3) әскерге шақырушыларымен жеке әңгімелесіп, олардың айналасатын жұмыстары туралы, мамандығы, білімі, жалпы дамуы туралы анықтайды;
      4) зерттелген құжаттары, медициналық куәландырудың қорытындысы және жеке әңгімелесуді өткізудің негізінде тиісті шешім қабылдайды;
      5) әр жұмыс күнінің аяғында комиссия хаттамалар кітабында дұрыс жазылуын тексеріп және хаттамаға қол қояды.
      5. Комиссия хатшысы:
      1) әскерге шақырушылардың құжаттарын комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады;
      2) комиссия отырыстар барысында хаттамалар кітабын жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады