Шал ақын ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдедегі N 157 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда N 13-14-79 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы N 127 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 19.05.2015 N 127 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5-2 тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы 31-бабы 1-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шал ақын ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары М.Қ. Жақсыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      Аудан әкімі А. Әмрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады