Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011.10.07 N 238 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-тармағына, 20-бабының 5-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қаңтардан № 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстар түрлері бойынша, еңбек ақы мөлшері және көлемі, ұйымдардың түрлері мен тізбесі (одан әрі мәтін бойынша - Тізбе) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Шал ақын ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, қоғамдық жұмыстарды өткізуге аудан бюджетінен қарастырылған қаражаттың шегінде, бекітілген Тізбеге сәйкес жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға бағытталуын жүзеге асырсын.
3. Тізбеге енгізілген ұйымдарға, жұмыстардың түрлері және жұмыстардың көлемі бойынша, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тартуын бекітілген Тізбеге сәйкес, қамтамасыз етсін.
4. «Шал ақын ауданының Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, 451-002-100 «Жұмыспен қамту бағдарламасы, Қоғамдық жұмыстар» бюджеттік бағдарлама бойынша, қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысының уақытты бөлінуін қамтамасыз етсін.
5. 2005 жылдың 2 наурызындағы № 38 «2005 жылға ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2005 жылы 25 сәуірінде № 1567 тіркелген аудан әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуы аудан әкімінің орынбасары М.К. Жақсыбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннің өтуі бойынша қызметіне енгізіледі.
Аудан әкімі А. Әмрин
2009 жылдың 17 тамыз № 177
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілді
Қоғамдық жұмыстар түрлері бойынша еңбек ақы мөлшері және көлемі, ұйымдардың түрлері мен тізбесі
Ұйымдар атауы |
Жұмыс орын |
Қоғамдық жұмыстар түрлері |
Раз |
Коэффи- |
Сергеевка қ. |
163 адам |
1. Тұрмыстық шаруашылық |
I-II |
1,39- |
«Шал ақын |
1 |
Іс жүргізуді мемлекеттік |
G-13 |
1,68 |
Барлығы: |
165 |
Ескерту: 15 пунктіде көрсетілген жұмыс түрі ұйымдардың штаттық кестесінде сәйкес бірлік болмаған кезде және егер осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен қаражат қарастырмалған кезде қолданылады.