Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 152-IV "2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 наурыздағы N 166-IV шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 13 наурызда N 2544 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011 жылғы 3 қазандағы № 275/1711/-МШ хатымен  

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатымен.
      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 133-IV "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыру ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына сәйкес, облыстық мәслихат кезектен тыс ХIІІ сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыстық маслихаттық ХІ сессиясының 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 152-IV "2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 11 ақпанында N 2541 санымен тіркелген, "Атырау" газетінде 2009 жылы 12 ақпандағы N 17 жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген шешіммен бекітілген 2 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
      2) көрсетілген шешіммен бекітілген 5 қосымшасындағы кесте мынадай мазмұндағы 1.3.7. техникалық және элементарлық күкірт 1 тонна үшін төлемақы ставкасы 3,77 деген жолмен толықтырылсын.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 3 наурызынан бастап құқықтық қатынастарға таралады.

      Облыстық мәслихаттың кезектен
      тыс ХIІІ сессиясының төрағасы              А. Байшаханов

      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ж. Дүйсенғалиев

Атырау облыстық мәслихатының
2009 жылғы 11 наурыздағы 166-ІV
шешіміне қосымша

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Рет №

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

44, 6

2.

Көміртегі тотықтары

14, 6

3.

Метан

0, 8

4.

Күкірт диоксиды

200

5.

Азот диоксиды

200

6.

Күл

240

7.

Күкірт сутегі

1240

8.

Меркаптан

199 320

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады