Атырау қалалық Мәслихаттың 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 51 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 122 шешімі. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 мамырда N 4-1-101 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1-2 тармақшасына және  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 "Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір Заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Заңына сәйкес Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 51 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы"шешіміне (Атырау қалалық әділет басқармасында 2008 жылдың 4 наурызында N 4-1-85 мемлекеттік тіркелімнен өткізілген, "Атырау" газетінде 2008 жылдың 29 наурызында N 36 санымен жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Аталған шешіммен бекітілген қағидасының 2 бөлімінің, 7  тармағына:
      1 абзацтағы "отбасының жиынтық табысының 11 пайызының" деген сөздер "отбасының жиынтық табысының 8 пайызының" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      3 абзацы жаңа абзацпен толықтырылсын:
      "Екі және одан да көп бөлмелі үйлерде жалғыз тұратын адамдарға тұрғын үй жәрдемақысын есептеу үшін пайдалы алаңның әлеуметтік нормасы екі еселенген 18 шаршы метрі мөлшерінде бекітілсін";
      6 абзацындағы "17 теңге" деген сөзі "25 теңге" деген сөзбен өзгертілсін.
      8 абзацы "Қатты отын мөлшері (көлік шығынымен есептегенде) - 7000 теңге мөлшерінде бекітілсін" – деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық Мәслихаттың  тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Г. Жәкиева) жүктелсін.

      Х сессия төрағасы,
      қалалық Мәслихат хатшысы                    Б. Қазиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады