Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының құрамдас бөліктеріне, көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 306 қаулысы және Жылыой аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 15-1 шешімі. Жылыой аудандық әділет департаментінде 2009 жылғы 30 қазанда N 4-2-131 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 7 шілдедегі № 162 "Атырау облысы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауын, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу қағидасын бекіту туралы" қаулысына және 2009 жылғы 21 қыркүйектегі аудандық ономастикалық комиссияның № 7 шешіміне сәйкес Жылыой аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының құрамдас бөліктеріне, көшелеріне мынадай атаулар және екі жүз жетпіс көшесіне № 1-ден № 270 аралығындағы реттік нөмірлер берілсін:

      1) № 67 көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Сәден Айтжановтың есімі;

      2) № 82 көшеге Әбілғазым Махутовтың есімі;

      3) № 86 көшеге Зинел Балгенжиевтің есімі;

      4) № 129 көшеге Бағытқали Байжұмиевтің есімі;

      5) № 160 көшеге Айыпқали Орынғалиевтың есімі;

      6) № 197 көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Демеу Таубаевтың есімі;

      7) № 212 көшеге Тыл және Еңбек ардагері Панар Бекбосынованың есімі.

      құрамдас бөліктер бойынша -

      1) 1 ауыл – "Самал" ықшам ауданы;

      2) 2 ауыл – "Мирас" ықшам ауданы;

      3) 3 ауыл – "Мерей" ықшам ауданы;

      4) 4 ауыл – "Думан" ықшам ауданы;

      5) 5 ауыл – "Мереке" ықшам ауданы;

      6) 6 ауыл – "Шұғыла" ықшам ауданы;

      7) 7 ауыл – "Бірлік" ықшам ауданы;

      8) 8 ауыл – "Атамұра" ықшам ауданы;

      9) 9 ауыл – "Мұрагер" ықшам ауданы;

      көшелер бойынша -

      1) Теңіз;

      2) Қабиболла Сыдиықов;

      3) Сырым Датұлы;

      4) Исатай Тайманов;

      5) Тоқсанбай Құлтумиев;

      6) Есқайыр Халықов;

      7) Далабай Жазықбаев;

      8) Құбай Кенжеғалиев;

      9) Күржіманұлы Қашаған;

      10) Байжан Атағозиев;

      11) Тұрлығали Мамбетов.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 05.09.2017 № 335 қаулысы және Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 08.09.2017 № 13-6 бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.

      3. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Нұғманов
     
      Жылыой ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Ж. Жетібаев
     
      Жылыой аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады